Металл фракциясын хлорлау арқылы өңдеу

Авторы

  • Г.М. Койшина Satbayev University
  • Е.Е. Жолдасбай Satbayev University
  • А.В. Каплан Arvak Tech. LLC
  • Н.К. Досмухамедов Satbayev University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i6.01

Ключевые слова:

күйінді, мырыш, мырыш оксиді, кальций хлориді, аммоний хлориді, Гиббс энергиясы, температура, реагенттер шығыны, қоспалар

Аннотация

Болат өнімдерін ыстықтай мырыштау кәсіпорындарының қуаттылығының өсуі күйінділердің мөлшерінің артуына, үлкен аумақтарда жинақталып және сақталуына әкелді. Күйіндіні одан әрі пайдалану және өңдеу оның құрамындағы Pb, Fe, Cu және басқа қоспалардың көптігімен, сондай-ақ өңдеудің ұтымды технологиясының болмауымен шектеледі. Бұл жұмыста қоспа металдардың хлорлаушы реагенттермен (CaCl2, NH4Cl) өзара әрекеттесу реакцияларының термодинамикалық талдауы негізінде күйіндіның металдық бөлігін балқыту процесінде таза мырыш алу мүмкіндігі көрсетілген. Гиббстің еркін энергиясы мәні (∆G°T) қоспа металдардың аммоний хлоридімен өзара әрекеттесу реакциялары 400...550°С температура аралығында, қоспа металдардың кальций хлоридімен өзара әрекеттесу реакцияларының ∆G°T мәндерінен төрт есе жоғары екендігі анықталды. NH4Cl-ді хлорлаушы реагент ретінде қолдану мырыш оксидінің пленкасын бұзып, мырыш металының ұсақ тамшыларының бетін жауып, олардың іріленуіне қолайлы жағдай туғызатыны көрсетілген. Бұл мырыштың сұйық металға шығымын арттырады. Сұйық металдық мырыш ваннасынан қорғасын мен темірдің хлоридтер түріндегі ұшуына CaCl2 және NH4Cl шығыны әсері зерттелді. Бастапқы өлшенді салмағынан 2% NH4Cl шығынымен металл бөлігін бірлесіп балқыту кезінде сұйық мырышта қорғасын мен темірдің ең аз мөлшері: 0.06% Pb және 0.01% Fe жететіні анықталды. NH4Cl-мен бірге күйіндінің металдық бөлігін балқытудың оңтайлы технологиялық параметрлері белгіленді: тәжірибе температурасы – 450°С; балқыту ұзақтығы – 60 мин; NH4Cl шығыны – бастапқы өлшенді салмағынан 2.0%.

Загрузки

Опубликован

2022-12-28

Как цитировать

Койшина, Г. ., Жолдасбай, Е. ., Каплан, А. ., & Досмухамедов, Н. . (2022). Металл фракциясын хлорлау арқылы өңдеу. Engineering Journal of Satbayev University, 144(6), 5–10. https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i6.01

Выпуск

Раздел

Металлургия