Карбонатты коллекторлардан құралған кен орындарында алынатын мұнай қорларын алдын ала бағалау
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i5.05Ключевые слова:
карбонатты коллекторлар, қорларды жедел бағалау, ығыстыру сипаттамасы, фракциялық ағын, аналитикалық модель, сандық модель, дамудың технологиялық көрсеткіштері, статистика, бейімделуАннотация
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, кен орындарын игеру технологияларының жетілдірілуі және мұнай өндіруді арттырудың жаңа әдістерінің пайда болуымен коллекторлар анықтамасының шекаралық параметрлері барған сайын кеңейіп келеді, ал игеруге енгізілетін жаңа кен орындары күрделі геологиялық құрылысымен және фильтрациондық қасиеттерінің нашарлануымен сипатталады, бұл сөзсіз аналитикалық модельдеу құралдарының эволюциясын қажет етеді, себебі уақытпен тексерілген мұнайды ығыстыру сипаттамаларын құрудың қолданыстағы әдістері жыл сайын өзектілігін жоғалта барады және болжаудың сенімділігінің өсіп келе жатқан сұраныстарына жауап бере алмайды. Осы баптың мақсаты тек терригендік кен орындары ғана үшін емес, сонымен қатар карбонатты коллекторларынан құрылған мұнай қорларын жедел бағалаудың жаңа әдістемесін ұсыну болып табылады, ол коллекторлардың фильтрациондық-сыйымдылық қасиеттерінің айырмашылығы мен ерекшеліктерін ескереді және кернмен жасалатын арнайы зерттеулердің нәтижелеріне және СФӨ (салыстырмалы фазалық өткізгіштік) құруға негізделеді, бұл ретте, мысалы, толық үш өлшемді ГГДМ (гидродинамикалық модел) құру секілді айтарлықтай еңбек шығындарын талап етпейді. Негізгі құрал ретінде фракциялық ағын графигі қарастырылды, ол қазіргі қорлардың қалдығына эквивалентті саналатын судың қанығуы, және суланудың аналогы табылатын фазалық өткізгіштігі сияқты параметрлермен жұмыс істейді, бұд құралдардың модификациясы тарихи мәліметтерге сәйкес қорларды фильтрация процессі және мұнай қалдықтарын өндіру болжамдауына мүмкіндік береді. Бұл болжамның дәстүрлі әдістер нәтижелерімен салыстыру кезінде болжамның сенімділігі жоғары деңгейін көрсетті, өйткені орындалған ретроболжам игерудін тарихи көрсеткіштерімен толық расталды.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2022 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>