ЖЭС шығатын газдарды SO2, NOX, CO2 тазарту технологиясының тиімділігінің негізгі аспектілері және оны жүзеге асыру бойынша практикалық ұсыныстар
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i2.02Ключевые слова:
шығатын газ, көмір, регенерация, күкіртті ангидрит, химиялық абсорбция, азот оксиді.Аннотация
Осы жұмыста алынған нәтижелер негізінде ЖЭО-ның технологиялық және экологиялық-экономикалық тиімділігі тұрғысынан шығатын газдарды тазартудың кешенді технологиясына жалпы бағалау жүргізілді. Шығарылатын газдарды SO2 және NOx-тен үздіксіз режимде тазарту технологиясын жүзеге асыру мүмкіндігі көрсетілген. Жасақталған технологияны қолдана отырып, тазартудан кейін алынған газдардға күкірттің бөлініп таралуы ~5% құрайды, ал негізгі бөлігі – 95% сілтілі металдардың карбонатты балқымасымен (Na, K, Li) ұсталады. Балқымаға NOx бөліп алу ~60% құрайды. Осылайша, шығарылатын газдарды химиялық абсорбциялау кезеңінде газдарды күкірт пен улы азот қосылыстарынан терең тазарту үшін қолайлы алғышарттар жасалады. Құрамында күкірті жоғары және күкірті жоқ көмірді жағу бойынша жасақталған технологияны пайдаланудың экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізілді. Құрамында күкірті жоғары көмірдің құнымен күкірті жоқ көмір құнының нәтижелерін салыстырмалы талдауы, құрамында күкірті жоқ көмір құнының және құрамында күкірті жоғары көмір құнының айырмасы болуы есебінен қалыптасатын елеулі экономикалық тиімділік алынғанын көрсетті.Көмір жағумен жұмыс істейтін шағын қазандық қондырғыларының жағдайларына қатысты технологияны ұйымдастыруды оңтайландыруға және оны үздіксіз жұмыс режимінде пайдалануға мүмкіндік беретін ұсыныстар берілді.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2022 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>