Жоғары күлді «Сарыадыр» көмірін пайдалана отырып, жоғары көміртекті феррохром балқыту процесін термодинамикалық және эксперименттік модельдеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i6.02Ключевые слова:
жоғары көміртекті феррохромды, хром кені, кокс, жоғары күлді көмір, кварцит, термодинамикалық модельдеу, эксперименттік модельдеуАннотация
Жұмыста шикіқұрам құрамында сапалы жаңа тотықсыздандырғыш – «Сарыадыр» кен орнының жоғары күлді тас көмірін пайдалана отырып, жоғары көміртекті феррохром алу технологиясын әзірлеу үшін негіз болып табылатын ғылыми зерттеулер нәтижелері келтірілді. Хромның карботермиялық тотықсыздануын талдау үшін компьютерлік жүйеде «HSC Chemistry 6» бағдарламалық кешенінің көмегімен 600-2800 К температура аралығында жүзеге асырылған металлургиялық процестерді толық термодинамикалық модельдеу (ТTM) әдісі қолданылды. Термодинамикалық есептеу көрсеткендей, жоғары көміртекті феррохромды жоғары күлді көмірді пайдаланып балқыту кезінде күрт технологиялық ауытқулар байқалмайды, процесс хром мен темірдің толық тотықсыздануымен біркелкі жүреді. Көмір күліндегі кремний мен алюминий тотығының мөлшерінің жоғары болуына байланысты шикіқұрам қоспасындағы кварцитті сәтті алмастыра алатындығы көз жеткіздік. Термодинамикалық деректер негізінде жоғары температуралы зертханалық тамман пешінде Сарыадыр жоғары күлді көмірін пайдалана отырып, жоғары көміртекті феррохромды балқытудың технологиялық процесіне эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Тамман кедергі пеші - жоғары температурада металлургиялық процестерді модельдеуге арналған зерттеу қондырғысы болып табылады. Зертханалық зерттеулерде феррохром ФХ800 маркасына сай келетін көміртекті феррохромның тәжірибелік үлгілері алынды.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2022 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>