Термодинамикалық-диаграммалық талдау арқылы Fe-Si-Al-Ba жүйесін зерттеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i2.03Ключевые слова:
барий, ферросиликоалюминий, төрт компонентті жүйе, термодинамикалық-диаграммалық талдау, квазиъем, тетраэдрацияАннотация
Мақалада Fе-Si-Аl-Bа көп компонентті жүйесінің термодинамикалық-диаграммалық талдауын зерттеу нәтижелері келтірілген, мұнда термодинамикалық мәліметтер негізінде Fе-Si-Аl-Bа базалық төрт компонентті жүйесінің шекаралық үштік жүйелері салынған. Нәтижесінде жүйе 12 қарапайым тетраэдрден тұратындығы анықталды. Тетраэдрлердің әрқайсысы үшін аналитикалық теңдеулер анықталады, олардың көмегімен әртүрлі металл балқымаларының құрамдарының жалпы жүйесінің факторлық кеңістікте орналасуын, олардың нормативтік фазалық құрамдарын есептеу арқылы орнатуға болады. Қарапайым тетраэдрлерге бөлудің дұрыстығын сол тетраэдрлердің көлеміне байланысты көруге болады, мұнда осы көлемдердің қосындысы (1.00000) бірлікке тең. Тотықсыздану үрдісінде ферросиликоалюминий қорытпасын бариймен балқыту кезінде түзілетін металл өнімдерінің құрамын модельдейтін Fе-Si-Аl-Bа жүйесінде квази көлемдер орнатылған. Нәтижесінде Fе-Si-Аl-Bа жүйесі бариймен легірленген Fe-Si және Fe-Al фазалары бар қатты енгізу ерітінділерін, сондай-ақ құрамында эвтектика бар кремний-барий-алюминийді қоспағанда, үш және төрт қосылыстарды қамтымайтыны анықталды. Бұл жағдайда барий мөлшері 8-10% болатын қорытпаның құрамы ең оңтайлы болады. Әрі қарай, қорытпадағы барий концентрациясының 10%-ға жоғарылауымен ауаның оттегімен барийдің жоғалуына, сонымен қатар балқытудың технологиялық үрдісінің бұзылуына әкеледі.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2023 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>