Мониторингтің заманауи құралдары - жер қойнауын пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді бағыты

Авторы

  • К.Б. Рысбеков Satbayev University
  • Dai Huayang Қытай тау-кен технологиялық университеті
  • М.Б. Нурпеисова Satbayev University
  • В.Г. Лозинский Днепропетровск ұлттық университеті
  • Г.М. Кыргизбаева Satbayev University
  • Х-К.М. Касымханова Satbayev University
  • А.М. Абенов Satbayev University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i3.06

Ключевые слова:

кен орындары, жыныстардың жарықшақтылығы, деформациялар, геомеханикалық мониторинг, әдістер, құралдар, геодезиялық аспаптар, массивтің жай-күйін бағалау, цемент ерітіндісі

Аннотация

Жұмыстың мақсаты барлық табиғи және техногендік факторларды кешенді есепке алу мен талдауды, сондай-ақ авторлар әзірлеген бақылау әдістері мен құралдарын пайдалануды көздейтін тау жыныстары массиві жай-күйінің геомониторингін жүзеге асыру болып табылады.   Жұмыста кен орындарының тау-кен геологиялық жағдайлары мен  тау жыныстарының құрылымдық ерекшеліктерін зерттеуді және авторлар әзірлеген инновациялық тәсілдер мен геомониторинг құралдарының негізінде кеніштерде маркшейдерлік бақылаулар жүргізуді қамтитын кешенді әдіс қолданылды.
«Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тау жыныстары массивінің жай-күйін болжаудың және бағалаудың инновациялық әдістерін әзірлеу»  және «Орталық Қазақстан кен орындарын кең ауқымды игеру кезінде жер бетінің баяу деформациялық процестерінің кешенді мониторингтеу» жобаларын орындау кезінде  Ақжал, Сарыоба Саяқ және т. б. кеніштеріндегі геомеханикалық процестерді зерттеу материалдары ұсынылған.  Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде: игеріліп жатқан кен орындарының кен-геологиялық,  құрылымдық ерекшеліктерін ескеруге және сол арқылы тау-кен жұмыстарын геомеханикалық қамтамасыз етудің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін тау жыныстарының жағдайын кешенді бағалау әдістемесі әзірленді; центрлеудің жылдамдығы мен  өлшеу дәлдігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ штативсіз жұмыс атқаруға мүмкіндік беретін, дәлдігі жоғары аспаптарды орнату үшін мәжбүрлеп центрлеудің тұрақты пунктінің (МЦП) конструкциясы әзірленді; зерттелетін кен орындарындағы тау жыныстары массивінің кернеулі-деформациялық күйін болжау, яғни: тау жыныстарының беріктік шегі σсж; ілінісу - К; тығыздығы - γ және М.М. Протодъяконов шкаласы беріктігі - f болжау мүмкіндігі ғылыми негізделді; карьер кемерлерінің  орнықтылығын  арттаруды қамтамамыз ететін, тау-кен өндірісінің қалықтарынанжасалған  аққыштығы жоғары, тау жыныстарына адгезиялық қарсылығы және жеткілікті беріктігі бар ерітіндінің құрамы әзірленді.

Загрузки

Опубликован

2022-06-28

Как цитировать

Рысбеков, К. ., Huayang, D. ., Нурпеисова, М. ., Лозинский, В. ., Кыргизбаева, Г. ., Касымханова, Х.-К. ., & Абенов, А. (2022). Мониторингтің заманауи құралдары - жер қойнауын пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді бағыты. Engineering Journal of Satbayev University, 144(3), 34–40. https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i3.06

Выпуск

Раздел

Жер туралы ғылым