Алтынқұрамды Васильков кенорынның кендерін игерудің негізгі сипаттамалары

Авторы

  • Г.Е. Аскарова Satbayev University
  • А.Б. Бегалинов Satbayev University
  • М.Р. Шаутенов Satbayev University
  • Қ. Амантайұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i3.03

Ключевые слова:

шикізат, алтын, кенорны, пайдалы қазбалар, байыту, технологиялық сүлба, минерал , ірілік класс

Аннотация

Мақалада eлімізде алтын өндіру өнеркәсібінің даму қарқынының үздіксіз артуы металдар мен басқа да пайдалы қазбаларды тұтынудың өсуі жаңа минералдық ресурстарды іздестіруді және игеруді, пайдалы қазбаларды өңдеудің жаңа тиімді технологиясын сұлбаларды әзірлеуді, байытылуы қиын кендердегі шикізаттың жаңа түрлерін игеруді негіздейді. Зерттеулер жаңа кен орындарын дайындауға және игеруге, құрамында алтын бар кендердің байытылуын анықтауға ғана емес, сонымен қатар минералды шикізат компоненттерін бөлу әдістерін теориялық әзірлеуге де бағытталған. Қазақстан Республикасының құрамында алтыны бар кендердің қорында 2 мыңнан астам кен орындары бар. Соңғы екі онжылдықта құрамында алтыны бар шикізаттың құрылымын зерттеу қиын өңделетін кендерді өндірудің ұлғаю тенденциясы бар екенін көрсетеді. Алтын өндіру өнеркәсібінің даму қарқынының үздіксіз артуы металдар мен басқа да пайдалы қазбаларды тұтынудың өсуі жаңа минералдық ресурстарды іздестіруді және игеруді, пайдалы қазбаларды өңдеудің жаңа тиімді технологиясын сұлбаларды әзірлеуді, байытылуы қиын кендердегі шикізаттың жаңа түрлерін игеруді негіздейді. Зерттеулер жаңа кен орындарын дайындауға және игеруге, құрамында алтыны бар кендердің байытылуын анықтауға ғана емес, сонымен қатар минералды шикізат компоненттерін бөлу әдістерін теориялық әзірлеуге де бағытталған. Соңғы екі-үш онжылдықта технологиялық тұрғыдан қарапайым алтын кендерінен алынған алтынның үлесі тұрақты түрде азайып келеді. Табиғатта алтын көбінесе табиғи металл, металл аралық қосылыстар және құрамында алтын, күміс, мыс, темір, сынап, висмут, платина, палладий, иридий, родий және алтын геллурид минералдары бар минералдар түрінде кездеседі. Сонымен қатар, aлтын органикалық қышқылдары бар қосылыстар түрінде кездеседі.

Загрузки

Опубликован

2023-06-30

Как цитировать

Аскарова, Г., Бегалинов, А. ., Шаутенов, М. ., & Амантайұлы, Қ. . (2023). Алтынқұрамды Васильков кенорынның кендерін игерудің негізгі сипаттамалары. Engineering Journal of Satbayev University, 145(3), 19–24. https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i3.03

Выпуск

Раздел

Металлургия