Қайыңды көлінен апатты су ағызуға арналған Қайыңды көлі бассейнінің гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және гидрологиялық режимін зерттеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i2.04Ключевые слова:
тұрақтылық, бөгет, еріген су, шөгу, сел, ағызу, арна, көшкін, бөгеттелген көл, аллювиалды сел, топыраАннотация
Бұл мақалада зерттелетін учаскедегі Қайыңды көлінің табиғи бөгетінің тұрақтылығы туралы мәліметтер келтірілген. Қайыңды көлі бассейннің ортаңғы бөлігінде орналасқан және еріген қар мен жаңбыр суларының түсуіне байланысты қоректенеді. Көлден су ағыны жер үсті арқылы жүзеге асырылады. Көл сел қауіпті жоғары санатына жатады. Бұл аумақты техногендік игеру кезінде қосымша жүктеменің каньон бүйірлерінің тұрақтылығына теріс әсерін ескеріп, аумақты өзенге қарай жайластыруды кеңейтпеу керек. Көл ағылған жағдайда сел қаупі аймағына Жаланаш-Саты ауылы арасындағы автожол көпірі, Кеген ауданы Алғабас және Жаңаталап ауылдарының, Шелек ауылының, Масақ ауылының, Байсейіт ауылының, Малыбай ауылының, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашаруа ауылының тұрғын үйлері және ауыл шаруашылық алқаптары және Бартоғай су қоймасы, электр желілері түседі. Тәуекел аймағындағы халықтың жалпы саны 2-3 мыңнан асады. Сондай-ақ, қауіп аймағына «Құлжа трактісі» автожолдары, Батыс Қытай-Батыс Еуропа автобаны, суару жүйелері, Д.Қонаев атындағы БАК су торабы және басқа желілік коммуникациялар кіреді. Қайыңды көлі туристер мен демалушылардың жаппай баратын орны болып табылады. Жазда қауіпті аймақтағы адамдар саны бірнеше жүзге жетуі мүмкін.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2023 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>