Көлсай көліндегі қауіпті геологиялық процестер және олардың антропогендік жүктеменің әсері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i4.07Ключевые слова:
ОГП, мониторинг, LandSat, Google Earth pro, ғарыштық суреттер, ақаулар, сырғыма процестері, жер сілкінісі, сейсмологияАннотация
Бұл мақалада Көлсай көлінің аумағындағы жүргізілген зерттеу беткейлік сырғыма процестерінің қаупі, сондай-ақ қауіпті геологиялық процестерге антропогендік факторлардың әсері көрсетілген. Google Earth Pro бағдарламасын қолдана отырып, Landsat-7,8 спутниктерінен деректерді өңдеу мысалдары және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, Көлсай көлінің аумағының суреттері көрсетілген. Бұл мақаланың негізгі мақсаты – бұрын жүргізілген жұмыстардың деректерін талдау, беткейлік сырғыма процестерінің болуы мүмкін қауіпті аймақтардың жағдайын бағалау, сондай-ақ осы учаскедегі қауіпті геологиялық процестердің болуын болжау және баға беру. Зерттеу учаскесі ретінде – Солтүстік Тянь-Шаньдағы Көлсай көлінің сол жақ беткей жағалауы, Көлсай шатқалында, Күнгей мен Іле Алатауын байланыстыратын аумақ қарастырылады. Жоғарыда аталған аумақта ХІХ ғасырдың аяғында бірқатар ірі жер сілкінісі болған, бұл қоршаған ортаға және жақын маңдағы адамдарға үлкен зиян келтірген. Зерттеу барысында осы жер сілкінісінен кейін зерттеу учаскесінде беткейлік сырғыма процестерінің болу қаупі бар қауіпті аймақтар пайда болды. Бұл мақалада Көлсай көлінің аумағындағы туристік аймақтың дамуына байланысты сол жағалаудың антропогендік жүктемеге байланысты жылдан жылға өзгеруі қарастырылады. Бұл мақалада дрон ұшу аппараттарынан жиналған және жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық суреттер мен фотосуреттер өңделіп, түсіндіріліп, қажетті мәліметтер алынды. Сонымен қоса бұрын жүргізілген жұмыстарға талдау жасалды.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2022 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>