Арсия тауындағы Энни үңгірі контурының кернеулі деформацияланған күйін зерттеуде шекті элементтер әдісін қолдану туралы
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i2.05Ключевые слова:
Марс, ровер, үңгір, Олимп, Арсия таулары, тау жыныстары, шекті элементтер әдісі, кернеулі деформацияланған күйАннотация
Марс бетінде радиация, микрометеориттер және шаңды дауылдар сияқты қауіптер жағдайында алғашқы барған адамдар өмір сүре алмайды. Бірақ біз осы Марста табылған үңгірлерді осы экологиялық қауіптерден табиғи баспана ретінде пайдалану жолы ретінде ұсынып отырмыз. Марс бетіндегі гравитациялық өріс Жерге қарағанда шамамен үш есе әлсіз, ал магнит өрісі тым әлсіз. Сондықтан жерден кеткен тіршілік иелері, соның ішінде адамдар Марс бетінде 30-40 секунд қана өмір сүре алады. Тіпті ең қуатты скафандр адамның өмірін бірнеше сағатқа ғана сақтай алады. Марс үңгірлері Күн радиациясын үш есе дерлік әлсіретеді және оны ішке кіргізбейді. Сондықтан Марс үңгірлерін зерттеу, оларды алғашқы тіршілік ету ортасына айналдыру үшін ғылыми негізделген зерттеулер жүргізу бүгінгі күнгі өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан жер асты тіршілік ету ортасы ретінде Марстың тау үңгірлерін пайдалану тиімді. Жоғары биіктікте атмосфералық қорғаныс аз болатындықтан, осы үңгірлерді шахта, тоннель секілді тұрғын мекен жайға айналдыру үшін оның ішкі жиектерінің Марс гравитациясына шыдас беруі, беріктігі жайлы ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Марс астылық осындай құрылыстардың түрлі күштер (гравитациялық, температуралық, әлсіз болса да тектоникалық, т.б.) әсерінен үңгірлік тұрғын, мекен жайлардың беріктігін зерттеудің механика - математикалық моделі жасалынады.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2023 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>