Карбид дәні бойынша біртекті ұсақ түйіршікті қатты қорытпаларды алу

Авторы

  • А.Ж. Терликбаева Қазақстан Республикасының минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы
  • А.М. Алимжанова Қазақстан Республикасының минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы
  • Р.А. Шаяхметова Қазақстан Республикасының минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы
  • А.А. Мухаметжанова Қазақстан Республикасының минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы
  • Г.К. Малдыбаев Қазақстан Республикасының минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы
  • Б.Т. Сахова Қазақстан Республикасының минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы
  • А.Н. Куандыкова Қазақстан Республикасының минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы
  • Ж.В. Еремеева МИСИС ғылым және технологиялар университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i3.02

Ключевые слова:

ұсақ түйіршікті, біріктіру, қатты қорытпалар, фаза, карбид, тығыздық

Аннотация

Жұмыстың өзекті мәселесі - қаттылығы мен беріктіктілігі жоғары ұсақ карбидті дәндері бар біртекті қатты қорытпаларды алу. Зерттеулер қатты қорытпалардың ең қолайлы фазалық құрамдарын және оларды өндірудің ең ұтымды техникалық әдістерін анықтау үшін жүргізілді. Бұл ғылыми жұмыста механика – химиялық синтез әдісімен WC-TiC-Co наноқұрылымдық ұнтақ шихтасы алынды. Наноөлшемді WC ұнтағы мен тұндырылған Со наноұнтағы шар тәрізді планетарлық диірменде араластыру арқылы қатты қорытпа шихтасына қосылды. Ұнтақты шихтаны 100-1000 МПа қысыммен престеу процесі, сондай-ақ 1450-1600℃ температурада біріктіру процесі жүргізілді. WC-Co қатты қорытпасын алу үшін тұз ерітінділерінен металл қабаттарын тұндырудың химия-металлургиялық әдісі қолданылды. Рентгендік құрылымдық талдау және сканерлеуші электронды микроскопия әдістерімен зерттелді. WC-TiC-Co үлгілерінің тұрақты фазалық құрамын алу әдісінің әсері қарастырылды. Бұл қатты қорытпалардың микроқұрылымында (Ti,W)C кристаларалық бөлшектер байқалады және сұйық фазаның болуы дөңгелек пішінге әкелуі мүмкін. Наноөлшемді WC ұнтағын қосу престеу тығыздығының жоғарылауына әкелетіндігі анықталды. Тұндырылған Со бар наноөлшемді WC қоспаларын немесе WC наноұнтағын қосқанда дән мөлшері 4-6 мкм аспайтын ұсақ түйіршікті құрылымды алуға мүмкіндік беретіндігі анықталды. Тұндырылған Со бар WC наноұнтағын қорытпаға қосу Бринель қаттылығы бойынша ең жоғары көрсеткіштерге ие екендігі анықталды, сонымен қатар бұл иілу беріктігінің жоғарылауына әкеледі.

Загрузки

Опубликован

2023-06-30

Как цитировать

Терликбаева, А. ., Алимжанова, А. ., Шаяхметова, Р. ., Мухаметжанова, А. ., Малдыбаев, Г. ., Сахова, Б. ., Куандыкова, А. ., & Еремеева, Ж. . (2023). Карбид дәні бойынша біртекті ұсақ түйіршікті қатты қорытпаларды алу. Engineering Journal of Satbayev University, 145(3), 12–18. https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i3.02

Выпуск

Раздел

Металлургия