Термодинамикалық модельдеу арқылы никель мен темірді тотықсыздандырудың силикотермиялық процесін зерттеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i6.03Ключевые слова:
тотықты жүйе, термодинамикалық модельдеу, ферросилиций, тотықсыздану дәрежесі, кешенді қорытпаАннотация
CaO-SiO2-MgO-Al2O3-FeO-NiO-P2O5 көп компонентті тотықтық жүйесінің никель (ηNi) және темірдің (ηFe) тотықсыздану дәрежесіне ферросилиций кремнийінің концентрациясының ФС5 (5% Si), ФС20 (20% Si), ФС35 (35% Si), ФС50 (50% Si), ФС65 (65% Si) әсерін 1500ºС температурада термодинамикалық модельдеу әдісімен зерттеу нәтижелері келтірілген. Модельдеу үшін Outokumpu (Финляндия) әзірлеген HSC Chemistry 6.12 БК (бағдарламалық кешені) пайдаланылды. Деректер базасына сәйкес термодинамикалық сипаттамалары бар Ni3Si және Ni5Si2 химиялық қосылыстары енгізілді. Есептеулер бейтарап қоспа ретінде көлемі 2.24 м3 N2 бар 1 атм газ фазасының қысымында «Тепе-теңдік құрамдары» (Equilibrium Compositions) кіші бағдарламасын қолдана отырып орындалды. Алынған модельдеу нәтижелері ферросилиций кремнийімен CaO-SiO2-MgO-Al2O3-FeO-NiO-P2O5 тотықты жүйесінен никель мен темірді тотықсыздандырудың термодинамикалық мүмкіндігін көрсетеді. Ферросилиций кремнийінің [Si]ФС концентрациясы 5-тен 65%-ға дейін көбейгенде, темірдің тотықсыздану деңгейі 88.8-ден 91.4%-ға дейін жоғарылайды. Ферросилиций кремнийінің концентрациясының жоғарылауымен никельдің тотықсыздану дәрежесі іс жүзінде өзгермейді және 99.8-99.7% құрайды. Кремнийді пайдалану деңгейі 92.1-94.5% құрайды. Ферросиликоникель - кешенді қорытпаның химиялық құрамы анықталды. Алынған модельдеу нәтижелерін силикотермиялық әдіспен никель кенінен ферросиликоникельді алу технологиясын жасау үшін пайдалануға болады.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2023 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>