Құрамында төмен сапалы марганеці бар шикізаттарды өңдеу арқылы ферромарганецті қорытпа өндірісіне арналған түйіршіктер алу. Шолу

Авторы

  • A.Е. Тастанова Satbayev University
  • Е.И. Көлдеев Satbayev University
  • С.С. Темирова Satbayev University
  • Г.Ж. Абдыкирова Satbayev University
  • А.А. Бирюкова Satbayev University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i4.02

Ключевые слова:

құрамында марганец бар техногендік қалдықтар, байыту, түйіршіктер, балқыту, қорытпалары

Аннотация

Құрамында марганец мөлшері жоғары минералдық шикізат ресурстарының шектеулі болуына байланысты сапасыз кендер мен техногендік қалдықтарды қосымша шикізат көзі ретінде қарастыруға болады. Мақалада құрамында марганеці бар шикізаттан марганец концентраттарын алу арқылы байыту, марганец ұсақтарын агломерациялау және агломераттарды ферромарганец түйіршік қорытпаларын балқыту арқылы өңдеу бойынша зерттеулерге шолу жасалған. Марганецтің негізгі шикізат көздері сипатталған. Марганец кендері үш негізгі түрге бөлінеді: оксидті, кремнийлі және карбонатты. Шикізаттың түріне байланысты, байыту әдісінің таңдауы жүзеге асырылады. Марганец қорытпаларының қолдану аймақтары сипатталған: қара металлургияда болат пен шойын өндірісінде ферромарганец және ферросиликомарганец қолданады, түсті металлургияда қола, жез, алюминий және магний қорытпаларының көпшілігінде легирленген қосалқы металл ретінде қолданылады. Құрамында марганец бар төмен сапалы шикізатты - кондициялық емес кендер мен техногендік қалдықтарды байыту процестері қарастырылған. Темір-марганец кендерін байытудың перспективалық бағыты магниттік сепарация болып табылады. Марганецті техногендік көздерден - кенді ұсақ заттардан, байыту фабрикаларының шламды қалдықтарынан алу маңызды экологиялық және практикалық маңызы бар. Марганец ұсақ-түйектерін, брикеттерді алу арқылы агломерациялау әдістері, қышқыл және негізгі оксидтер құрамының, байланыстырушы материалдардың құрамының түйіршіктердің қасиеттеріне әсері сипатталған. Әр түрлі факторлардың марганец ферроқорытпаларын балқыту процесіне, марганец кені түйіршіктерін қалпына келтіруге және процесс барысында болатын фазалық өзгерістерге әсері туралы мәліметтер келтірілген.

Загрузки

Опубликован

2023-08-31

Как цитировать

Тастанова A. ., Кульдеев, Е. ., Темирова, С. ., Абдыкирова, Г. ., & Бирюкова, А. . (2023). Құрамында төмен сапалы марганеці бар шикізаттарды өңдеу арқылы ферромарганецті қорытпа өндірісіне арналған түйіршіктер алу. Шолу. Engineering Journal of Satbayev University, 145(4), 10–18. https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i4.02

Выпуск

Раздел

Металлургия