Хромның кремний және алюминиймен әрекеттесуінің термодинамикалық функцияларын анықтау
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i1.01Ключевые слова:
тазартылған феррохрома, кремний, алюминий, тотықсыздану, Гиббс энергиясы, тепе-теңдік константасыАннотация
Мақалада феррохромның тазартылған маркаларын балқыту кезінде металдық тотықсыздандырғыш құрамындағы кремний мен алюминийдің реакцияларға қатысатын фазалық түрлендірулерді ескере отырып, заттар константасын және жылу сыйымдылығы теңдеуінің коэффициенттерінің мәндерін қолдану арқылы хром тотығынан тотықсыздандыру реакцияларының термодинамикалық функцияларын (энтальпия, энтропия және Гиббс энергиясы) есептеу нәтижелері келтірілген. Бұл есептеу Гиббс энергиясының температураға тәуелді реакциялары кезінде өтетін тотығу-тотықсыздану процестерінің түрлендірілген формуласына заттардың тепе-теңдік константаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Есептеулердің нәтижелері жоғарыда аталған элементтерді бөлек және бірлесіп (құрамы жағынан күрделі-кешенді кремний және алюминий құрамдас қорытпа түрінде) пайдалану кезінде феррохромның тазартылған (орташа және төмен көміртекті) маркаларын балқыту процестері іргелі мәнге ие. Есептеулер 298 К-ден ~3000 К-ге дейінгі температура аралығында жүргізілді, өйткені осы аралықта тотығу-тотықсыздану процестерінің шарттарын қамтиды. Қарастырылып отырған диапазон хром кені мен тотықсыздандырғыштың (кремнийлі немесе кремни алюминилі) фазалық түрленуінің барлық температуралық аралығын қамтиды. Осы реакциялар үшін бастапқы заттар мен түзілетін өнімдердің фазалық өзгеруіне байланысты бірнеше температуралық интервалдар бар. Термодинамикалық есептеулер жүргізілгеннен кейін Гиббс энергиясының температураға тәуелді графиктері тұрғызылды. Фазалық ауысулар реакция ағымына әсер етпейтін температура аралықтары анықталды. Демек, пассивті температура интервалдарымен қатар теріс күрт өсуі байқалған белсенді температура интервалдары бар Гиббс энергиясының мәндері анықталды.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2024 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>