Құрамында қорғасын бар қождарды зерттеу және оларды кәдеге жаратудың келешегі

Авторы

  • З.И. Багова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Г.З. Туребекова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Javier Rodrigo-Ilarri Валенсия Политехникалық университеті
  • А.С. Колесников М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Р.А. Козыкеева Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i5.04

Ключевые слова:

құрамында қорғасын бар қождар, ауыр металл, құнды компоненттер, қож, қайта өңдеу

Аннотация

Мақалада қорғасын өндірісінің техногенді қож қалдықтарын ғылыми зерттеу нәтижелері мен талдауы берілген. Зауыт жабылғаннан және жойылғаннан кейін қалған қалдықтар қож түрінде топырақтың, жер асты суларының және ауаның экологиялық ластану көзі болып табылады. Қорғасын өндірісінің шлактарында экологиялық ластанудың қауіпті көзі болып табылатын қорғасын, мырыш, осмий, кадмий сияқты көптеген улы қосылыстар бар. Техногенді қож қалдықтарын пайдаға асыру аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту және өмір тіршілігінің қауіпсіздігіне теріс әсерін төмендету үшін үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, шлактар түсті және сирек кездесетін металдардың қосылыстары бар құнды шикізат болып табылады. Мақалада қорғасын өндірісінің қалдықтарындағы құнды компоненттердің сапалық және сандық құрамын анықтау бойынша қождарды зертханалық зерттеу нәтижелері және оларды әрі қарай өңдеу мен кәдеге жарату мүмкіндігі көрсетілген.  JEOL IXA-8230 Electron Probe microanalyzer маркалы электронды–зондты микроанализаторда қождың ауыр фракциясының материалын зерттеу жүргізілді. Қождың орташа сынамасының рентгенодифрактометриялық талдауы cu-сәулеленуі бар ДРОН –4 дифрактометрінде, графитті монохроматорда орындалған. Сынамалардан ауыр фракциялар бөлініп, жылтыратылған жасанды аншлифтер (брикеттер) жасалды. Аншлифтер LEICA DM 2500p маркасының микроскопымен және иммерсиялық сұйықтықтармен зерттелді. Зерттеу нәтижелері бойынша қорғасын қождарында түсті металдар қосылыстарының жеткілікті жоғары мөлшері бар екендігі анықталды: қорғасын оксиді 0.7%-ға дейін және мырыш оксиді қождың салмақтық мөлшерінің 8.5%-на дейін, бұл қорғасын өндірісінің улы қалдықтарын кәдеге жарату процесін техникалық және экономикалық тұрғыдан орынды етуге мүмкіндік береді.

Загрузки

Опубликован

2023-10-31

Как цитировать

Багова, З. ., Туребекова, Г. ., Rodrigo-Ilarri , J. ., Колесников, А. ., & Козыкеева, Р. . (2023). Құрамында қорғасын бар қождарды зерттеу және оларды кәдеге жаратудың келешегі. Engineering Journal of Satbayev University, 145(5), 25–30. https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i5.04

Выпуск

Раздел

Металлургия