Ұсақ дисперсті хром кендерін өңдеу технологиясындағы флотациялық концентратты қоюландыру операциялары үшін флокулянт реагенттерін талдау және зерттеу

Авторы

  • Б.Б. Абдурзакова «ERG ғылыми-зерттеу және инжиниринг орталығы» ЖШС
  • Л.С. Кауанова «ERG ғылыми-зерттеу және инжиниринг орталығы» ЖШС
  • Н.К. Саймаганбетова «ERG ғылыми-зерттеу және инжиниринг орталығы» ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i4.03

Ключевые слова:

ұсақ дисперсті хром кені, өңдеу, байыту әдістері, флокулянт, флоконцентрат, қоюландыру

Аннотация

Бұл зерттеу TOPFLOC 714, NALCO 8172PULV және Magnofloc 5250 флокулянт реагенттерінің концентрациясының әсер ету дәрежесін анықтаудың инновациялық әдістерінің жүйелендірілген шолуын ұсынады, олар ұсақ дисперсті хром кендерін ауырлық және флотациялық байыту әдісімен өңдеу кезінде Дон ГОК қалдықтарын өңдеу қондырғыларынан шыққан тұнбаны сусыздандыру мақсатында кері айналымдағы суда қолданылады. Сондай-ақ, кері айналымдағы суда флокулянттардың амин компоненттерінің ауырлық және флотациялық байыту технологиялық процестеріне және жабдықтардың коррозиялық төзімділігіне әсерін анықтау қарастырылады. Судың заманауи тазарту әдістеріне шолу жасалды. 2006 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңді қамтитын ұсақ дисперсті хром кендерін өңдеу тазарту қондырғыларынан шыққан тұнбаны сусыздандыру үшін флокулянттардың тиімділігін анықтау әдістемесі бойынша таңдалған 10 ғылыми еңбектің нәтижелеріне жүйелендірілген шолу және аналитикалық бағалау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері оңай қол жетімді, қауіпсіз және арзан биоыдырайтын полимерлерді инновациялық әдістермен қолдануды көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу ауырлық сепараторлары мен флотациялық қондырғылардан кейін оксидті минералдарды қоюландырудың сәтті мысалдарын және ұсақ кенді өңдеу кезінде тазарту қондырғыларының тұнбасын тұндыру кезінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетті. Ерітіндінің рН көрсеткіштері полимер тізбектерінің мінез-құлқына әсер етеді. Ауырлық және флотациялық процестерден қалдықтарды тазарту суларының мөлдірлігі қолданылатын флокулянттардың түріне де, концентрациясына да байланысты. Ұсақ дисперсті хром кендерін өңдеу қондырғыларының тұнбасын сусыздандыру әдістеріне жүйелендірілген шолу жүргізілді және таңдалған әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері талданды.Жалпы, зерттеу нәтижелері флокулянт реагенттерін қолданудың маңыздылығын және ұсақ дисперсті хром кендерін тұндырудың инновациялық әдістерін қолдану байытудың тиімділігін арттыру және ресурстарды пайдалану тиімділігін жақсарту үшін маңызды екенін көрсетеді.

Загрузки

Опубликован

2024-08-31

Как цитировать

Абдурзакова, Б. ., Кауанова, Л. ., & Саймаганбетова, Н. . (2024). Ұсақ дисперсті хром кендерін өңдеу технологиясындағы флотациялық концентратты қоюландыру операциялары үшін флокулянт реагенттерін талдау және зерттеу. Engineering Journal of Satbayev University, 146(4), 16–23. https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i4.03

Выпуск

Раздел

Металлургия