Металдар мен қорытпалардың коррозиясы бойынша жүргізілген зерттеулерге шолу

Авторы

  • Н.К. Смагулова Алматы технологиялық университеті
  • Л.А. Курмангалиева Satbayev University
  • Т.К. Искакова Алматы технологиялық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i2.01

Ключевые слова:

метал, коррозия, механикалық қасиет, коррозияның жылдамдығы

Аннотация

Металдар мен оның қорытпаларын коррозиядан қорғау  туралы жүргізілген зерттеулерге шолу жасалды. Қазіргі уақытта металдар мен металл конструкцияларын коррозиядан қорғау мәселесі әлемде өзекті болып табылады. Метал бұйымдарды коррозиядан қорғау сұрағы металды қолдану басталғалы бері өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұл мәселенің өзектілігі металды көп қажет ететін салалардың қарқынды дамуы, яғни металл конструкцияларының, жабдықтар мен бұйымдардың коррозиядан пайда болатын экономикалық және экологиялық залалдың тез өсуімен де байланысты. Қолданыстағы барлық металдың іс жүзінде коррозияға ұшырайды, бірақта метал мен оның қорытпаларынан жасалған бұйымдардың, жабдықтардың, метал конструкциялардың ұзақ уақыт сенімді жұмыс атқаруы коррозия үрдісінің жылдамдығына тәуелді болып келеді. Түсті және қара металдар қорытпаларынан дайындалған бұйымдардың орташа қызмет көрсету мерзімі шамамен он бес жыл, бұл әдеткі қоршаған орта жағдайында. Темір қорытпалары ғана емес, сонымен қатар қиын балқитын металдар мен оның қорытпаларына да қоршаған ортаның зиянды әсері бар.   Металл коррозиясының негізгі зияны металдың көп мөлшерін жоғалтумен ғана емес, сонымен қатар металл конструкцияларының істен шығуымен байланысты, өйткені коррозияға байланысты олар қажетті беріктігін, икемділігін, тығыздығын, жылу және электр өткізгіштігін, оқшаулау және басқа да қажетті қасиеттерін жоғалтады. Метал конструкцияларын коррозиядан қорғау тетіктерді жөндеу және толық алмастыруға жұмсалатын шығындарды азайту есебінен оң экономикалық әсер береді. Коррозиядан қорғау қазіргі заманғы өнеркәсіп үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мақалада коррозия терминінің шығуы, осы құбылыстың жүруі, түрлері, келетін шығын мөлшері туралы мәліметтер берілген.

Загрузки

Опубликован

2024-04-30

Как цитировать

Смагулова, Н., Курмангалиева, Л., & Искакова, Т. (2024). Металдар мен қорытпалардың коррозиясы бойынша жүргізілген зерттеулерге шолу. Engineering Journal of Satbayev University, 146(2), 1–8. https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i2.01

Выпуск

Раздел

Металлургия