Айқын емес ортада риформинг процесін басқару бойынша есебін шешудің эвристикалық тәсілін жасақтау

Авторы

  • Б.Б. Оразбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • А.К. Жумадиллаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • М.Д. Кабибуллин Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Ж.Н. Тулеуов Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
  • В.Е. Махатова Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.31

Ключевые слова:

басқару есебі, риформинг процесі, айқын емес орта, айқын емес шектеу, катализат-бензин, эвристикалық тәсіл, шешім қабылдаушы тұлға.

Аннотация

Айқын емес ортада риформинг процесін басқару есебінің математикалық қойлымы алынған және абсолюттік (салыстырмалы) кеміту және Парето оптималдығы принциптерін модификациялау негізінде қойылған есепті шешудің эвристикалық тәсілі құрылған. Айқын емес ортада басқару есебін шешуге ұсынылған айқынсыз тәсілдеме шешім қабылдаушы тұлғаны қатыстыруға, айқын емес ортада процесті басқару бойынша шешім қабылдау процесінде оның білімі мен тәжірибесі қолдануға негізделген. Бұл кезде шешім қабылдаушы тұлғаның тәжірибесі, білімі, түйсігі және қалауы, әдетте, айқын емес ақпарат түрінде жинақталып, қолданады. Басқа қосымша  өнімдердің (көмірсутек газдарының) шығуын ескермеуге болатын кезде бір критерий (бензин шығымы) және айқын емес шектеулер векторы үшін риформинг процесін басқаруға арналған есептің математикалық тұжырымы нақтыланған. Риформинг процесін басқарудың нақтыланған есебі ұсынылған эвристикалықтәсілді қолдану арқылы шешілген. Алынған нәтижелер белгілі детерминдік тәсіл мен шынайы мәліметтер негізінде алынған нәтижелермен салыстырылған. Айқын емес ортада басқару есебін шешуге ұсынылған, есепте шешу кезінде бастапқы айқын емес ақпаратты ескеретін және максималды пайдаланатын, ұсынылған айқынсыз тәсілдеме артықшылықтары көрсетілген және оның тиімділігі негізделген. Айқын емес ортада басқару есебін қою мен шешуге ұсынылған айқынсыз тәсілдеменің жаңашылдығы – шешім қабылдаушының тәжірибесін, білімі мен интуициясын қолдану негізінде айқынсыздықта қабылданған шешімнің адекваттығын арттыру болып табылады.

Загрузки

Опубликован

2021-04-30

Как цитировать

Оразбаев , Б. . . . . . ., Жумадиллаева, А. . . . . ., Кабибуллин, М. ., Тулеуов, Ж. ., & Махатова, В. . (2021). Айқын емес ортада риформинг процесін басқару бойынша есебін шешудің эвристикалық тәсілін жасақтау. Engineering Journal of Satbayev University, 143(2), 236–243. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.31

Выпуск

Раздел

Техникалық ғылымдар