Скандийдің гидротермиялық экстракциясы кезінде қызыл шламның минералды компоненттерін жою

Авторы

  • Б.К. Кенжалиев Металлургия және кен байыту институты
  • Е.Б. Абикак Металлургия және кен байыту институты
  • С.В. Гладышев Металлургия және кен байыту институты
  • А.И. Манапова Металлургия және кен байыту институты
  • Л.М. Имангалиева Металлургия және кен байыту институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i2.02

Ключевые слова:

қызыл шлам, скандий, сілтілі ерітінді, термохимиялық трансформация, деструкция, репульпация, натрий карбонаты, натрий гидрокарбонаты

Аннотация

Қызыл шламнан бокситтерді гидрохимиялық әдіспен қайта өңдеудің скандийді алу технологиясы әзірленді, ол қызыл шламды алюминийді алу үшін сілтілі ерітіндімен алдын ала өңдеуді, натрий бикарбонаты ерітіндісіндегі термохимиялық трансформацияны және құрамында карбонат пен натрий бикарбонаты қоспасы бар ерітіндідегі репульпацияны және карбонизация ерітіндісінен скандийді сорбциялық алуды қамтиды. Қызыл шламды алдын ала өңдеу 240-260°С температурада CaO:SiO2 = 1:1 қатынасын алу есебінен CaO қосылған сілтілі ерітіндіде жүргізіледі. Өңдеу нәтижесінде алюминийдің 80%-дан астамы ерітіндіге өтеді. Қызыл шламның бастапқы құрамының максималды фазалық өзгеруіне қол жеткізу үшін термохимиялық белсендірудің оңтайлы шарттары анықталды – натрий гидрокарбонатының ерітіндісінде 260°С температурада, ұзақтығы 6 сағат және С:Қ = 10 қатынасында ұстау. Қызыл шламнан скандийді алу құрамында Na2Oжалпы = 65 г/дм3 бар NaHCO3/Na2CO3 ~ 2 қатынасында 80°C температурада және 3 сағат ұзақтықта рн≤9 жеткенше көмірқышқыл газымен репульпациялау  айналымды ерітіндімен өткізілді. Скандийдің қызыл шламнан алыну деңгейі 86.5% құрады. Технологияның тиімділігі фазалық құрамның екі сатылы трансформациясы қиын бөлігінің жойылуы мен ашылуы, оның қайта кристалдануына байланысты. Стирол мен дивинилбензол сополимерлерін фосфорлау арқылы синтезделген ион алмасу шайырлары скандийдің ең жақсы селективтілігін көрсетті. Құрамында фосфор бар амфотерлі ионит lewatit TP 260 қолданған кезде скандийдің карбонизациялық ерітіндіден алыну деңгейі 98% құрады.

Загрузки

Опубликован

2024-04-30

Как цитировать

Kenzhaliyev, B. ., Abikak, Y. ., Gladyshev, S. ., Manapova, A. ., & Imangaliyeva, L. . (2024). Скандийдің гидротермиялық экстракциясы кезінде қызыл шламның минералды компоненттерін жою. Engineering Journal of Satbayev University, 146(2), 9–17. https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i2.02

Выпуск

Раздел

Металлургия