Рудалық кендорындарын жер асты әдісімен игеруде геофизикалық зерттеулерді қолданудың тиімділігі

Авторы

  • С.А. Истекова Satbayev University
  • Д.Н. Толыбаева Satbayev University
  • Л.Д. Исаева Satbayev University
  • З.Н. Аблесенова Satbayev University
  • М.А. Таласов Satbayev University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i4.04

Ключевые слова:

геофизикалық мониторинг, жерасты жұмыстары, пайдалы қазбалар кен орындары, геомеханикалық сипаттамалар

Аннотация

Мақала қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеруді бақылау мәселелерін шешуде геофизикалық әдістерді қолдану мәселелеріне шолу жасауға арналған. Соңғы жылдары кен қазбаларын салу және жер астында игерілген кен орындарын пайдалану кезінде тау сілемдерінің бұзылуынан туындаған табиғи және техногендік апаттардың жиілегендігінен жұмыста қарастырылған мәселелер өте өзекті болып табылады. Бұл әсіресе игерудің кеш сатысындағы кен орындар үшін маңызды. Шетелдік және отандық ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде авторлар кен орындарын игеру және пайдалану кезеңінде тау-кен өнеркәсібінде геофизикалық әдістердің әртүрлі модификацияларын қолдану мүмкіндігіне егжей-тегжейлі талдау жасады. Үлкен тереңдіктегі кен орындарды игеруді бақылауда сейсмикалық барлау әдісін қолданудың тиімділігіне ерекше назар аударылады. Геофизикалық әдістерді қолдану геологиялық ортаның қазіргі жағдайына және тау жыныстарына жасанды әсер етуіне байланысты жер асты қазбаларының табиғи-техникалық жүйелерінің тәртібін есепке алудың тиімді әдістерінің бірі екендігі көрсетілген. Жерасты қазбаларының техногендік жағдайын жүйелі түрде бақылау және алдын алу және тау сілемдері мен қол жетпейтін жерлердегі қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын қазіргі заманғы геофизикалық технологияларды пайдалана отырып зерделеу ұзақ мерзімді пайдаланылған кен орындарын тиімді және қауіпсіз игерудің негізі болып табылады деген негізді қорытынды жасалды. Ұсынылған шолуды ғылыми-практикалық негіздеу үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ мамандары Қазақстандағы құмтас кенорындарының күрделі тау-кен-геологиялық жағдайында жерасты өндіру кезінде сейсмикалық әдістерді қолдана отырып, өндірілген кеңістіктің геомеханикалық күйін бағалау технологиясын әзірледі.

Загрузки

Опубликован

2024-08-31

Как цитировать

Истекова, С. ., Толыбаева, Д. ., Исаева, Л. ., Аблесенова, З. ., & Таласов, М. . (2024). Рудалық кендорындарын жер асты әдісімен игеруде геофизикалық зерттеулерді қолданудың тиімділігі. Engineering Journal of Satbayev University, 146(4), 24–33. https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i4.04

Выпуск

Раздел

Жер туралы ғылым