Электр пештері шаңдарынан мырышты жоғары температуралы хлорлап күйдіру арқылы бөліп алу

Авторы

  • Г.М. Койшина Satbayev University
  • Н.К. Досмухамедов Satbayev University
  • В.А. Каплан Вейцман атындағы ғылыми институты
  • E.E. Жолдасбай Satbayev University
  • A.A. Арғын Ө.Ә. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
  • Ю.Б. Ичева Ө.Ә. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i4.02

Ключевые слова:

шаң, күйдіру, температура, кальций хлориді, қорғасын, мырыш, термодинамика, бөліп алу, клинкер, ұшқындар

Аннотация

Жұмыста қара металлургияның шаңын CaCl2-мен бірге жоғары температурада күйдіру арқылы өңдеудің кешенді зерттеулерінің нәтижелері келтірілген. Рентген-флуоресцентті спектроскопияны, индуктивті байланысқан ICP-MS плазмасымен масс-спектроскопияны (Agilent 7700s ICP-MS system Technologies), ұнтақты рентгендік дифракцияны (Ultima III (RIGAKU Corporation, АҚШ) зерттеудің заманауи әдістерін пайдалана отырып, шаңның құрамы және олардағы металдардың табылу формалары зерттелді: мырыш шаңда негізінен цинкит түрінде (ZnO) және франклинит түрінде (ZnFe2O4) табылған. Аз мөлшерде мырыш хлориді гидраттары (Zn5Cl2·(OH)8·H2O) табылған. Қорғасын металл түрінде кездеседі. Температура мен CaCl2 шығынының күйдіру өнімдері (клинкер, сублимация) арасында Zn, Pb бөлініп таралуына әсері нәтижелері ұсынылған. Процестің оңтайлы параметрлері орнатылды: t = 900°C, τ = 60 минут, CaCl2 шығыны СҚМ-нен 1.3 есе көп. Жоғары сапалы мырыш ұшқындары алынды, % масса.: 40.87 Zn; 0.16 Pb; 44.82 Cl; 13.04 O; басқалары. Ұшқындарға мырыштың жоғары бөліп алуы жеткізілді – 98.9%. Ұшқындарда қорғасынның минималды мөлшерінің болуы олардың сапасына айтарлықтай әсер етпейді. CaCl2-мен бірге клинкерді жоғары температуралы күйдіру өнімдері арасында мырыш пен қорғасынды бөліп алу – бөлініп таралу бойынша жаңа деректер алынды. 700°C-тан жоғары температурада клинкердегі мырыш мөлшері күрт төмендейтіні анықталды. Клинкердегі мырыштың минималды мөлшері 0.62% 900°C температураға сәйкес келеді. Температураны 1000°C-қа дейін өсуі клинкердегі мырыштың мөлшерін 0.6% - ға дейін төмендетеді.

Загрузки

Опубликован

2024-08-31

Как цитировать

Қойшина, Г. ., Досмухамедов, Н. ., Каплан, В. ., Жолдасбай, Е. ., Аргын A. ., & Ичева, Ю. . (2024). Электр пештері шаңдарынан мырышты жоғары температуралы хлорлап күйдіру арқылы бөліп алу. Engineering Journal of Satbayev University, 146(4), 8–15. https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i4.02

Выпуск

Раздел

Металлургия