Белсендірілген көмір сорбциясының сулы ерітінділерінен алтывалентті хромды алып тастау. Қысқаша шолу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i6.02Ключевые слова:
экологиялық жүйелер, алтывалентті хром, алып тастау, сорбция, белсендірілген көмірАннотация
Мақалада, қоршаған ортадағы алтывалентті хромның яғни, оның уыттылығы, Cr(VI) алып тастаудағы қолданылатын негізгі адсорбенттер, әртүрлы шикізаттарды қолдана отырып, көмірді сорбенттерді алудың деректі көздері қарастырылады. Cr(VI) алып тастау механизмінің түсіндірмесі келтірілді. Хром өнеркәсіптің көптеген салаларында кеңінен қолданылады, демек болат құятын, металлөңдейтін, гальваникалық, былғары, автомобильді, лак және бояу жасайтын, қағазды -целлюлоза және тоқыма кәсіпорындарының ағынды суларының - қалдық үйінділеріне үлкен мөлшерде қауіп әкеледі. Хром биологиялық тұрғыдан канцерогенді әсер ететіндіктен, ең қауіпті бейорганикалық ластаушы заттардың бірі болып табылады. Әдетте, хром сулы үш валентті Cr(III) немесе алты валентті Cr(VI) күйде кездеседі. Сулы ортада, тіпті аз мөлшерде болсада алтывалентті хром иондарының уыттылығы жоғары болып келеді және оларды ерітіндіден шығарудағы ағынды суларды тазартуда күрделі мәселе тудырады. Айталық, адсорбциялық ион алмасу, мембранды бөлу, коагуляция, химиялық тұндыру, экстракция және электрохимиялық бөлу сияқты әдістермен ағынды сулардан алты валентті хромды алып тастауға болады. Адсорбция әдісі, экономикалық тұрғыдан анағұрлым тиімді, экологиялық тұрақты және технологиялық үрдіс. Әртүрлі табиғи адсорбенттердің ішіндегі анағұрлым қолданылатыны белсендірілген көмір болып табылады. Сүрек (древесина), белсендірілген көмірдің кеңінен таралған дерек көзі болып табылады, бірақ экожүйені сақтаудағы ағаштың маңыздылығын ескере отырып, белсендірілген көмір өңдірудің баламалы дерек көздері іздестірілуде. Белсендірілген көмірдегі микрокеуектер хром иондарының физикалық адсорбциясын тудырады. Белсендірілген көмір құрамындағы O және N функционалдық топтары химиялық құрылым мен химиялық сорбция үрдісіне әсер етеді.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2024 Engineering Journal of Satbayev University

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>