Жердің кеңейу және бүкілдеу тұрғысынан жер қыртысының жылжымалы аймақтары мен платформаларының дамуы мен олардың металлогениясының жалпы болмысы

Авторы

  • Р.Б. Идырышев Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты
  • А.А. Жунусов Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i6.08

Ключевые слова:

материя, диалектика, геология, қозғалыс, тартылыс, қуат

Аннотация

Бүгінде планетарлық дәуірлер мен бүктелу фазаларының болуы сияқты маңызды геологиялық құбылыстар, бір жағынан, рифтогенез - екінші жағынан, эффузивті және интрузивті магматизмнің, теңіз және континенттік шөгінділердің, натрийлік және калийлік метаморфизмнің, фемикалық және сиаликалық металлогенияның кезеңдік көріністері не фиксистік, не мобилистік тұжырымдамалармен түсіндірілмейді. Осының бәрі геологтарды басқа гипотезаларды іздеуге мәжбүрлейді және бірінші кезекте қазіргі заманғы геология алдында пайда болатын көптеген геологиялық құбылыстарды түсіндіретін Жердің кеңейу және бүлкілдеу гипотезасына жүгінуге мәжбүрлейді, ал Жердің кеңейу және бүлкілдеу тұжырымдамасы жалпы космология және диалектикалық философия көзқарасы тұрғысынан, Ғалам заты (материя) дамуының жалпы көрінісіне сәйкес келеді. Материяны түсінудің өзінің терең диалектикалық сипатын баса айту маңыздығы оның бір-біріне белгілі бір қатынастағы материалдық денелерінің қозғалыс нысандарының алуан түрлілігі туралы түсінікпен тығыз байланысты. Соңғы уақытта ғылымда материя қозғалысының көптеген жаңа нысандары: қарапайым бөлшектердің қозғалысы мен айналуы, атом ядроларындағы процестер, сондай-ақ геологиялық денелер (минералдар, тау жыныстары, геологиялық формациялар, геосфералар) пайда болатын планеталардағы геологиялық процестер ашылды. Жалпы материя мен материалдық денелердің даму көзі гравитация мен энергия арасындағы өзара іс-қимыл болып табылады. Математикалық тұрғыдан алғанда, оны А. Эйнштейн E = mc2 немесе E-mc2 = 0 формуласымен көрсетті. Қазіргі уақытта материяның дамуында энергия гравитациядан басым E-mc2 >0. Энергияның гравитациядан басым болуы  материяның және атап айтқанда, материалдық денелердің дамуындағы қозғаушы күш болып табылады. Энергияның көзі термоядролық процестер болып табылады: жұлдыздарда сутегі, гелий және басқа да химиялық элементтер пайда болады; планеталарда жеке материал есебінен геологиялық денелер - минералдар, тау жыныстары, геологиялық формациялар мен геосфералар пайда болады, яғни олар өседі (кеңейеді). Гравитацияның өзгеруіне байланысты  материалдық денелердегі кез келген процестер олардың ғарыштағы кеңістік қозғалысы арқасында циклдік бүлкілдеу түрінде жүреді, себебі материалдық денелердің өз қозғалыс орбиталары бойында кеңістіктік қозғалысы кезінде олар қозғалыс орбиталарының ортасына бірде жақындайды, бірде алыстайды. Осыған байланысты материя мен материалдық денелердің дамуындағы барлық процестер жалпы олардың өздерінің өсуі немесе кеңеюі есебіненен циклді және бүлкілдеу арқылы өтеді.

Загрузки

Опубликован

2024-12-31

Как цитировать

Идырышев, Р. ., & Жунусов , А. . (2024). Жердің кеңейу және бүкілдеу тұрғысынан жер қыртысының жылжымалы аймақтары мен платформаларының дамуы мен олардың металлогениясының жалпы болмысы. Engineering Journal of Satbayev University, 146(6), 52–58. https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i6.08

Выпуск

Раздел

Жер туралы ғылым