Белеуті қимасының Серпухов түзілімдерің зерттеу бойынша жаңа деректер
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i6.06Ключевые слова:
биостратиграфия, жікқабат, карбон, стратотиптік қима, фораминифераАннотация
Визе және Серпухов жікқабаттарының шекарасын анықтау бойынша карбон стратиграфиясы жөніндегі халықаралық кіші комиссияның жұмыс тобы жұмыс істейді. Кешенді жұмыстар төменгі карбонның маңызды шекараларын биостратиграфиялық негіздеу мақсатында жүргізілді, оның ішінде: визе және серпухов, сондай-ақ Визе мен Серпуховтың конодонттар, аммоноидтар бойынша горизонттарын зерттеу және оларды Қазақстандық бөлімшелердің халықаралық корреляциясы үшін фораминиферлік шкалалармен салыстыру. Визе жікқабатының жоғарғы шекарасы Франциядағы парастратотипте қабылданған. Шекара жақсы аңықталмаған. Қазақстандағы визе және серпухов ярустарының шекаралық шөгінділерінің ең жақсы қималарының бірі Жезқазған-Шу ауданының Белеуті қимасы болып табылады. Жезқазған-Шу ауданына геологтар 18 ғасырдан бастап қызығушылық танытты. Ең көп зерттелген қималардың бірі-Шолақ мульдасындағы Жезқазған ауданындағы Шолақсай өзенінің құйылысына жақын Белеуті өзенінің оң жағалауындағы Белеуті өзенінің орта ағысында сипатталған. Мақалада Ұлытау облысында (Орталық Қазақстан) жүргізілген далалық палеонтологиялық және биостратиграфиялық жұмыстардың нәтижелері келтірілген. Осы мақалада Ұлытау облысында (Орталық Қазақстан) жүргізілген далалық палеонтологиялық және биостратиграфиялық жұмыстардың нәтижелері ұсынылды. Бұл далалық жұмыстардың мақсаты, заманүи әдістерді қолдана отырып, аймақтық стратиграфиялық бөлімшелердің халықаралық стратиграфиялық шкала бірліктерімен корреляциясын, фаунаның ортостратиграфиялық топтары бойынша карбон бөлімі серпухов жікқабатының төменгі шекарасын негіздеуді нақтылау үшін төменгі карбон визе және серпухов жікқабаттарының шекаралық шөгінділерінің кесінділерін толық зерттеу болды. Осы мақсатқа жету үшін стратотиптік қималар аңықталды және сәйкестендірілді, олардың координаттары белгіленді, шекаралық шөгінділердің қабаттары өлшенді және сипатталды, литологиялық және палеонтологиялық жұмыстар жүргізілді (соның ішінде фаунаға үлгілер жиналды), спектрометриялық гамма-каротаж жүргізілді.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2024 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>