V2O5 тұрақтандырушы допантын қосқандағы ZrO2 – Al2O3 композитті керамикалардағы фаза пайда болу механизмдерін зерттеу

Авторы

  • Г.Б. Сейтмаганбет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.Л. Козловский Ядролық физика институты
  • Д.Б. Боргеков Ядролық физика институты
  • А.В. Труханов Материалтану бойынша Беларусияның Ұлттық ғылым академиясының Ғылыми-тәжірибелік орталығы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i6.04

Ключевые слова:

композитті керамикалар, тұрақтандырушы допант, фазаның құрылуы, ZrO2-Al2O3, дәндердің іріленуі

Аннотация

Бұл мақалада құрамына V2O5 тұрақтандырушы допант қосқанда, концентрацияның өзгеруі дәндердің іріленуіне, кеуектігінің төмендеуіне, сонымен қатар допенттің концентрациясы 0.10 М көп болғанда фаза құрылымында Zr(V)O2 орынбасудың қалыптасуына әкелетін   ZrO2-Al2O3 композитті керамикалардың механизмдер нәтижелері көрсетілген. Жүргізілген зерттеулер барысында V2O5 допантын композитті ZrO2-Al2O3 керамикалар құрамына қосқанда Al2O3 матрицалар құрамындағы  ZrO2 дәндерінің іріленуіне әкелетіні анықталды. Бұл сәтте ZrO2 дәндерінің іріленуі кеуектіліктін төмендеуіне, сонымен қатар V2O5 оксидінің балқуы кезіндегі термиялық әсерінің салдарынан балқу орын алған ұсақ дәндер құйындысы ретінде танылатын сфералық пішіннен дұрыс емес ромб тәріздес пішінге ауысады. Керамика құрамында V2O5 тұрақтандырушы допант концентрациясы 0.1 М-нен артатын болса, құрамында салмақтық үлесі тұрақтандырушы допант концентрациясына тәуелділікте 4-9% шамасын құрайтын, кристалдық торы орторомбтық типте болатын  V2Oұсақ дисперсті фракцияның құрылуына әкеледі. 0.1 М жоғары керамикалар құрамындағы V2O5 допант концентрацияларында бақыланатын Zr(V)O2 ішінара орынбасу фазасының құрылуы пісірудің арқасында дәндердің ірілену процессінің инициализациясына, сонымен қатар моноклинді фаза құрамында цирконий иондарының ванадий иондарымен орынбасуына әкелетін, ванадий оксидінің термиялық балқу эффектілеріне негізделген.

Загрузки

Опубликован

2024-12-31

Как цитировать

Сейтмаганбет, Г., Козловский, А. ., Боргеков, Д. ., & Труханов, А. . (2024). V2O5 тұрақтандырушы допантын қосқандағы ZrO2 – Al2O3 композитті керамикалардағы фаза пайда болу механизмдерін зерттеу. Engineering Journal of Satbayev University, 146(6), 24–32. https://doi.org/10.51301/ejsu.2024.i6.04

Выпуск

Раздел

Металлургия