Глицин қатысуымен борнитті шаймалау кинетикасы

Авторы

  • Н.Д. Нуртазина әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Лэйля Сыздыкова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i4.15

Ключевые слова:

мыс, сульфидті минерал, борнит, глицин, глициннің сілтілі ерітіндісі, натрий гидроксиді, сутегі асқын тотығы, бөліп алу, тотығу, кинетика.

Аннотация

Құрамында мыс бар сульфидті табиғи материалдарды өңдеудің гидрометаллургиялық әдістерін жетілдіру экологиялық проблемалардың күрделенуіне, өңделетін шикізат құрамының сарқылуына және күрделенуіне байланысты өзекті міндет болып табылады. Жұмыста глицин мен сутегі асқын тотығының сілтілі ерітінділерімен борниттің қатты фазасынан мысты ерітіндіге алу процесінің кинетикалық заңдылықтары зерттелген. Кинетика бөлме температурасында және сутегі асқын тотығының 0.1 М концентрациясында зерттелді. Глицин концентрациясы 0.1-ден 1.0 М-ге дейін өзгерді. Зерттелген ортаның рН интервалында (8÷11) глицин Cu2+ иондарымен тұрақты мыс (II) глицинатын қалыптастыру үшін күрделі түзілу реакциясына енетін глицинат аниондары түрінде болады, бұл минералдан ерітіндіге мысты тиімді алуға ықпал етеді. Тотықтырғыш – сутегі асқын тотығының жүйеге енгізілуі Cu2+ иондарының ерітіндіге түсуін едәуір арттырды. Борниттен мысты алу дәрежесі алғашқы 10 минут ішінде 29-дан 37 % - ға дейін өзгерді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері глицин мен сутегі асқын тотығының сілтілі ерітінділерін сульфидті минералды шикізаттан мысты шаймалау үшін перспективті еріткіш реагент ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Загрузки

Опубликован

2021-08-31

Как цитировать

Нуртазина, Н. ., & Сыздыкова, Л. (2021). Глицин қатысуымен борнитті шаймалау кинетикасы. Engineering Journal of Satbayev University, 143(4), 117–126. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i4.15

Выпуск

Раздел

Химия-металлургиялық ғылымдар