Компанияның ақпараттық қауіпсіздігін күшейту мақсатында қызметкерлердің білімін арттыру әдістеріне шолу

Авторы

  • Д.Д. Бердышева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • A. Асхатулы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Д. Едилхан Астана IT-университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i3.24

Ключевые слова:

ақпараттық қауіпсіздік, ақпарттық қауіпсіздіктегі адами фактор, ақпараттық қауіпсідік жайлы хабардар болу.

Аннотация

Қызметкерлер ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі ең әлсіз буын болып саналады, сол себепті олар мекемені көптеген киберқауіптерге ұшыратуы мүмкін. Көп жағдайда адамдар фишингтік шабуылдардың құрбаны болады, құпия деректерді қолдану ережелерін сақтамайды, немесе әлсіз парольдерді таңдайды. Көптеген сәтті кибершабуылдар тікелей немесе жанама түрде қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік ережелері жайлы хабарсыздығынан болады. Ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды жетік меңгерген мекемелер корпоративтік ресурстарды дұрыс пайдалану ережелері туралы тұтынушылардың білімін арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда. Алайда, қызметкерлердің деректер қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктерін дамытпай, бағдарламалар өздерінің стратегиялық мақсаттарына жетуі екіталай. Мақала ақпараттық қауіпсіздік бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру арқылы қауіпсіздік мәдениетін құрудың әртүрлі тәсілдеріне жалпы шолу жасайды. Сондай-ақ, баяндамада ақпараттық қауіпсіздік бағдарламаларын жүзеге асырудың тәсілдері мен проблемалары талқыланады.

Загрузки

Опубликован

2021-06-30

Как цитировать

Berdysheva , D. ., Askhatuly, A. ., & Yedilkhan , D. . (2021). Компанияның ақпараттық қауіпсіздігін күшейту мақсатында қызметкерлердің білімін арттыру әдістеріне шолу. Engineering Journal of Satbayev University, 143(3), 185–189. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i3.24

Выпуск

Раздел

Техникалық ғылымдар