Келтірілмейтін көпмүшеліктерді қолдану арқылы ақырлы өрістер теориясы негізінде хеш-функцияларды құру

Авторы

  • Ү.Қ. Тұрысбекова Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
  • С.А. Алтынбек Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
  • А.С. Тургинбаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Л. Мерейхан Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.09

Ключевые слова:

хеш - функция, ақырлы өріс, келтірілмейтін көпмүшелік, электронды-цифрлық қолтаңба, соқтығысу

Аннотация

Ақпарат көлемінің ұлғаюымен, үлкен көлемдегі мәліметтермен байланысты проблемалар шиеленіседі, олар ілгеріде сақтау, жіберу немесе өңдеу процестерін жүзеге асыруды талап етеді. Файлдардың үлкен көлемімен жұмыс жасау бұл процестерді едәуір қиындатады, сондықтан оларды тиімді өңдеу үшін қолайлы көлемде файлдардың көлемін сығуға мүмкіндік беретін алгоритмдердің болуы қажет.

Файлдармен өзара әрекеттесу процесінде хеш - функциялары маңызды рөл атқарады. Хеш-функцияларды қолдану белгілі бір алгоритмге сәйкес бастапқы деректерді тұрақты ұзындықтағы тізбекке түрлендіруді көздейді. Бұл көптеген файлдар ішінен оларды қарау, өзгерту немесе жою, сонымен қатар мәліметтерді бөгде адамдар өзгертуге болмайтын жағдайларда олардың өзгертілмегендігін тексеру үшін файлдарды салыстыруды іздеуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Осылайша, хештеу деректерді файл түрінде сақтау, жіберу немесе өңдеу мәселесі туындайтын барлық салаларда қолданылады, дәлірек, криптографияда, компьютерлік графикада, компьютер мен Интернетте мәліметтерді ұйымдастыру барысында.

Загрузки

Опубликован

2021-04-30

Как цитировать

Турусбекова, У. ., Алтынбек , С. ., Тургинбаева, А. . . . ., & Мерейхан, Л. . (2021). Келтірілмейтін көпмүшеліктерді қолдану арқылы ақырлы өрістер теориясы негізінде хеш-функцияларды құру. Engineering Journal of Satbayev University, 143(2), 66–76. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.09

Выпуск

Раздел

Физика-математикалық ғылымдар