Fe-Ti, Ti-Si, Ti-Al металдық жүйелерін модельдеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i3.16Ключевые слова:
диаграмма, Бъеррум-Гуггенгейм коэффициенті, ферротитан, ферросиликоалюминий, металл жүйесі, тотықсыздандырғышАннотация
Бұл мақалада темір - титан, титан - кремний, титан - алюминий металдық жүйелерінің математикалық моделі ұсынылған. Дәстүрлі емес төмен пайыздық ферротитанды балқыту кезінде тотықсыздандырғыш ретінде металлотермиялық үрдістері үшін ферросиликоалюминийдің (ФСА) қолдану кезінде Si, Al және Fe кешенді қорытпасы балқыманың пайда болуында қалай әрекет ететіні белгілі бір түсініксіздікке әкеледі. Тотықсыздандырғыш элемент алюминий болып табылатын классикалық алюминотермияға қарағанда, әзірленетін технологияда алюминий ФСА-мен (Si=50-60%) кешенді жұмыс істейді. Таза металл Si металл жүйесіне (ферротитан) қосымша енгізілгендіктен, Fe-Ti-Аl жүйесінде қорытпаның пайда болуына қалай әсер етеді деген сұрақ туындайды. Si-ді ортаға енгізу Fe-Тi-Аl үштік жүйесінде берік гетерополярлық байланыстардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Теориялық тұрғыдан зерттеу нәтижелері бойынша кремний алюминий тотықсыздандырғышты (ФСА) пайдалану төмен пайыздық ферротитанды өндіру кезінде қоспалар бойынша кондициялық өнім алуға кедергі келтірмеуі тиіс.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2021 Вестник Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>