Мұнаймен ластанған топырақтың микробиологиялық жағдайын экологиялық бағалау

Авторы

  • Г.А. Джамалова Satbayev University
  • Б.Х. Тусупова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Л.С. Курбанова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • М. Накыпбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i3.01

Ключевые слова:

мұнай, мұнаймен ластану, сұр-құба топырақ, микробиологиялық талдау, микроорганизмдер, ауыр металдар.

Аннотация

Мұнай-газ саласы дамыған өңірлердегі негізгі экологиялық проблема, қоршаған орта нысандарының мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы болып табылады. Бұл мақалада, мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған сұр-құба топыраққа микробиологиялық  және химиялық талдау арқылы экологиялық бағалау жүргізілген. Мақалада микроорганизмдердің әртүрлі экологиялық-трофикалық топтарының, атап айтқанда гетеротрофты микроорганизмдер мен зеңді саңырауқұлақтардың биоиндикациялық маңызы көрсетілген. Жер үсті экожүйелеріндегі техногендік әсердің әртүрлі түрлеріне зеңді саңырауқұлақтардың реакцияларын талдау, микробиотаның биоиндикациялық әлеуетін толық бағалауға мүмкіндік береді. Алынған мәліметтерге сәйкес, зерттелген антропогендік экожүйеде әртүрлі микробтық қауымдастықтардың өмір сүру стратегиясын байқауға болады. Микроорганизмдер қоғамдастығы экологиясының негізгі ережелерінің қазіргі заманғы дамуы, сондай-ақ популяциялық биологияның жетістіктері және жекелеген түрлердің абиотикалық және биотикалық факторларға реакциясы туралы көптеген мәліметтер микробиотаның биоиндикациялық әлеуетін экотехникалық жүйені ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлерінде талдауға мүмкіндік береді. Келтірілген деректерді пайдалану қоршаған ортаны санитарлық сауықтыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеуге негіз болады.

Загрузки

Опубликован

2021-06-30

Как цитировать

Джамалова, Г. . . ., Тусупова, Б. ., Курбанова, Л. ., & Накыпбек , М. . . . . . (2021). Мұнаймен ластанған топырақтың микробиологиялық жағдайын экологиялық бағалау. Engineering Journal of Satbayev University, 143(3), 3–11. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i3.01

Выпуск

Раздел

Жер туралы ғылым