Кеуек-желілік модельдеу және тау жынысы мен екі-фазалы сұйвқ ағысының қасиеттерін анықтау
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i3.15Ключевые слова:
Кеуекті-желілік моделі, тікелей сандық модельдеу, микро-компьютерлік томография, кеуектілік, абсолютті өткізгіштік, салыстырмалы өткізгіштік, кеуектің мөлшері бойынша таралуы, қисықтылығы, капиллярлық қысымАннотация
Мұнай саласында кеуек масштабында модельдеу кеңінен қолданылуда. Кеуек масштабында визуализация жасау және модельдеудің мақсаты – кеуекті ортадағы көпфазалы ағынның қасиеттерін болжау болып табылады. Бұл жұмыста геологиялық керн үлгілердің кеуекті-желілік моделін құрылды және тау жыныстары мен екі фазалы сұйықтық ағынының қасиеттері анықталды. Кеуекті-желілік модельдері әртүрлі тау жыныстарының үлгілерінің микро-компьютерлік томографиялық суреттерін қолдану арқылы жасалды. Кеуектілік, орташа абсолютті өткізгіштік, капиллярлық қысым, кисықтығы (3 бағытта) және салыстырмалы өткізгіштік ығысудың 2 түрі (дренаж және сіңу) бойынша есептелген. тау жыныстарының үлгілерін визуализациялау үшін және тау жыныстары мен екі фазалы сұйықтық ағындарының қасиеттерін есептеу үшін Avizo®️ бағдарламасы және екі фазалық код пайдаланылды, өйткені бұл петрофизикалық қасиеттерді болжау үшін құнды және сенімді құрал болып табылады және кеуек кеңістігін көрнекі түрде дамытады. Микрокомпьютерлік томографияны сканерлеу деректері негізінде жасалған негізгі керн үлгілерінің 3D модельдері мұнай және мұнай кен орындарына қызмет көрсететін компанияларға физикалық керн үлгілерін қоймаларда сақтаудың орнына компьютерде сандық керн үлгілеріне мәліметтер базасын құруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде одан әрі жұмыс істеу үшін керн үлгілеріне қол жеткізуді едәуір жеңілдетеді.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2021 VESTNIK KAZNRTU
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>