Радиацияның әсерінен ғарыш аппаратының борттық электроникасының есте сақтау элементтерінің бірліктік істен шығуларын сұлбалық модельдеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.28Ключевые слова:
тізбекті модельдеу, критикалық заряд, ионизация тогы, борттық жабдық.Аннотация
Түрлі ғарыш аппараттарын (ҒА) пайдалану кезінде ғарыштық сәулелер (ҒС) әсерінің нәтижесінде борттық электрониканың істен шығуы орын алатыны белгілі , бұл авариялық жағдайларға, ал бірқатар жағдайларда спутниктерінің жоғалуына әкеп соқтырады. Оған мысал ретінде "Қазсат-1" және "Фобос-Грунт" спутниктерін айтсақ болады. Әр түрлі елдерде (Франция, Ресей, АҚШ, Қытай) ұзақ уақыт ғарыштық ұшулар кезінде ғарыштағы күрделі құрылымдардың әрекетін болжау немесе шешім қабылдау, әр түрлі оқиғалардың орын алуы мен олардың салдарларының бірнеше нұсқаларын алдын-ала "ойнатуды" талап еткен кезде орбитадағы төтенше жағдайларға әкелетін процестерді анықтау нақты қажет болған жағдайларда жүйелердің әрекетін модельдеу әдістері қолданылады. Сондықтан осы жұмыста борттық электрониканың функционалдық жағдайы мен істен шығуларына ғарыш кеңістігі факторларының (ҒКФ) кешенді әсерін бағалауға мүмкіндік беретін тиімділігі жоғары және салыстырмалы түрде арзан әдіс болып табылатын схемотехникалық модельдеу әдісі қарастырылады. Жұмыстың негізгі міндеті-бір бөлшектің өтуі кезінде жад элементінің транзисторларының берілген шарттары мен параметрлері үшін жад модульдерінің ұяшықтарының жалғыз ақауларын схемалық модельдеу. Ионизация тогы мен критикалық зарядтар анықталды, бұл жад модулінің ұяшығының логикалық күйінің бұзылуына және инверсиясына әкеледі.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2021 Вестник Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>