Ғарыштық түсірілімдерді талдау үшін вегетациялық кезеңдер бойынша өсімдіктердің спектрлік қасиеттері

Авторы

  • А.Е. Ержанова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.v143.i1.28

Ключевые слова:

толқын ұзындығы, шағылысу, жарықтылықтың спектрлік коэффициенті, вегетациялық кезең, өсімдіктер, ауылшаруашылық дақылдары, кластерлеу.

Аннотация

Мақалада спекральды жарықтылық коэффициентін талдауға негізделген ғарыштық кескіндерді зерттеудің материалы мен әдістемесі келтірілген. Ашық баспасөзде жарияланған СЖК сандық мәндерін алу үшін эксперименттер барысында алынған мәліметтер негізінде топырақ пен өсімдіктердің шағылысу процестерінің мінез-құлық заңдылықтары анықталды және қарастырылатын объектілердің түрін біржақты анықтауға болатын толқындардың көп спектрлі таралу диапазондарын кластерлеу ұсынылды. Өсімдіктердің СЖК таралуы вегетациялық кезеңдерде әр түрлі болғандықтан, олар үшін СЖК диапазондарының жоғарыда аталған кластерленуі ұсынылады. Жарықтық спектрлерінің таралуы өсімдік түрлерінің климаттық, географиялық өсу жағдайларына байланысты және әр аймақ үшін ерекше екенін атап өткен жөн. Аталған зерттеу Ақмола облысымен байланысты, ол өзі төрт аймаққа бөлінеді. Кластерлерге тиесілі СЖК деректері өсімдік түрлерінің қалыпты дамуын көрсетеді. Егер ауытқулар болса, яғни СЖК кластерге жатпайды, онда ауытқудың себебін анықтайтын алгоритм бар және кемшілікті жою бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынады.

Загрузки

Опубликован

2021-02-28

Как цитировать

Ержанова, А. . (2021). Ғарыштық түсірілімдерді талдау үшін вегетациялық кезеңдер бойынша өсімдіктердің спектрлік қасиеттері. Engineering Journal of Satbayev University, 143(1), 226–232. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.v143.i1.28

Выпуск

Раздел

Техникалық ғылымдар