Геодинамикалық режимде Арысқұм ойысымындағы мұнай-газ кешендерінің қалыптасуы

Авторы

  • С.Г. Нұрсұлтанова “СМАРТ Инжиниринг” ЖШС
  • A. Ерболат Satbayev University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.03

Ключевые слова:

Оңтүстік Торғай, Арысқұм ойысымы, мұнай –газ кешені (мұнай –газ қабаты), рифтогенез сатылары, грабен-синклиналь, кен орын, өнімді горизонт .

Аннотация

Мақалада Арысқұм ойысымындағы мұнай-газ кешендерінің (мұнай-газ қабатын) қалыптасу шарттары қарастырылады. Терең құрылымның геологиялық- геофизикалық деректері Оңтүстік Торғай шөгінді бассейні мен литологиялық-стратиграфиялық кешендерінің, мұнай-газ кешендерінің (мұнай-газ қабаттарының) қалыптасуы мұнай-газ түзілуінің рифтогендік геодинамикалық режимінің әсерінен болғанын растайды. Рифтогенез кезеңдері бөлінеді: рифтқа дейінгі, бастапқы – қалыптасу (төменгі юра), ортаңғы – шөгу (төменгі – ортаңғы юра) және соңғы (жоғарғы юра), олар юра өнімді горизонттарының қалыптасуымен байланысты. Бор өнімді горизонттары эпирифтік кезеңде қалыптасқан. Мұнай-газ түзілуінің рифтогендік режимі жер қойнауының жоғары жылынуын және көмірсутектердің орын ауыстыруы мен жинақталуы үшін жағдайларды болжайды және Арысқұм ойысымында көмірсутек тұтқыштарын іздеу перспективаларын растайды.

Загрузки

Опубликован

2021-04-30

Как цитировать

Нурсултанова, С. ., & Ерболат A. (2021). Геодинамикалық режимде Арысқұм ойысымындағы мұнай-газ кешендерінің қалыптасуы. Engineering Journal of Satbayev University, 143(2), 22–29. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.03

Выпуск

Раздел

Жер туралы ғылым