Фрезерлеу кезінде кескіштің және жол жабынының технологиялық схемасы мен өзара әрекеттесу процесін талдау

Авторы

  • М.С. Кульгильдинов М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы
  • Н.С. Камзанов М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы
  • А.Е. Қанажанов Satbayev University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i3.30

Ключевые слова:

патенттік талдау, авторлық куәлік, жол жабындарын фрезерлеу, координаталардың технологиялық жүйесі, фрезерлеу кезінде жол жабынының және фрезердің өзара әрекеттесуі.

Аннотация

Қазіргі уақытта мұқият зерттеулерсіз және ақпарат көздерінің ғылыми негізделген талдауынсыз ғылыми-техникалық прогрестің неғұрлым ұтымды бағыттарын таңдау мүмкін емес. Жұмыстың мақсаты- жол төсемінің жолтабанын фрезерлеу және патенттік зерттеулер негізінде оны шығару жөніндегі жұмыстардың өнімділігін және орындалатын операциялардың дәлдігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша жол фрезаларының перспективті құрылымдарын зерттеу. Патенттік іздеу екі бағыт бойынша жүргізілді: күрделі-профильдік беттерді, соның ішінде жол жабындарын фрезерлеудің қазіргі процестері мен кинематикалық сызбаларына шолу; фреза - құрал-жабынды жүйесінің координаттық тұйықталу негізінде күрделі-профильдік беттерді фрезерлеудің қазіргі процестеріне шолу. Осы шолу нормативтік-техникалық құжаттаманы, ғылыми мақалаларды, өнертабыстарға және пайдалы модельдерге қолданыстағы патенттерді, озық өндірістік технологиялар туралы мәліметтерді қамтитын қол жетімді ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу негізінде қалыптастырылған. Өнертабыстарға талдау жүргізілді, олардың әрекет ету принципі қарастырылды. Жаңалықтардан оң және теріс әсерлері анықталды. Жол фрезаларының құрылымын жаңғыртудың негізгі перспективалық бағыттары анықталып, олардың жіктелуі ұсынылған. Жұмыста қазбаның өнімділігін арттыруға, құрал-сайманды тез ауыстыруға ғана емес, сондай-ақ автомобиль жолының жолтабанын фрезерлеу дәлдігін арттыруға арналған өнертабыстар ұсынылған. Жұмыс нәтижелері жол фрезаларының жұмыс органдарын жақсарту жолдарын таңдау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Загрузки

Опубликован

2021-06-30

Как цитировать

Кульгильдинов, М. ., Камзанов, Н. ., & Қанажанов, А. . (2021). Фрезерлеу кезінде кескіштің және жол жабынының технологиялық схемасы мен өзара әрекеттесу процесін талдау . Engineering Journal of Satbayev University, 143(3), 230–239. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i3.30

Выпуск

Раздел

Техникалық ғылымдар