Қарқаралы тауларының биоресурстарын қолдану

Авторы

  • Е.Б. Кеукенов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • К.М. Джаналеева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i5.02

Ключевые слова:

ландшафт; геожүйе; табиғи кешен; фитоәртүрлілік; табиғи аймақ.

Аннотация

Орталық Қазақстанның таулы алаптары соңғы жылдары – ең аз зерттелген аумақтар. Өсімдіктер әлемі геожүйелердің құрамдас бөлігі болып табылады әрі табиғи және антропогендік өзгерістердің негізгі көрсеткіші болып қызмет етеді. Осы жұмыстың мақсаты Қарқаралы аласа тауларының және Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (ҚМҰТП) биоресурстарын пайдалану бойынша шолу жүргізу болып табылады. Жазу барысында сипаттамалық зерттеу әдісі пайдаланылды, оның бірінші бөлігі осы жергілікті жерді, сондай-ақ мекендеу ортасын физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттауға арналған. Одан әрі, автор орман алқабын экологиялық бағалау әдісіне және биологиялық әртүрлілікті бағалау әдісіне, олардың маңыздылығына баса назар аударады. Қарқаралы аласа тауларында өсімдіктер қоғамдастығы мен жануарлар дүниесін сақтап қалу мақсатында биоәртүрліліктің ағымдағы жай-күйіне бағалау жүргізу, олардың құрылымы мен ұтымды пайдаланылу мүмкіндігін бағалау қажет. Мақаланы жазу барысында ҚМҰТП аумағындағы әрі антропогендік, әрі табиғи сипаттағы экологиялық шиеленістің себептері келтірілді. Аумақтың биоресурстарын пайдалануға жүргізілген шолу болашақта ҚМҰТП шеңберінде биоәртүрлілікке мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Автор мақаланы Қарқаралы тауларының биоресурстарын пайдалану проблемаларын шешу бойынша ұсынымдар тізбесімен аяқтайды.

Загрузки

Опубликован

2021-10-30

Как цитировать

Кеукенов, Е. ., & Джаналеева, . К. . (2021). Қарқаралы тауларының биоресурстарын қолдану. Engineering Journal of Satbayev University, 143(5), 10–17. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i5.02

Выпуск

Раздел

Жер туралы ғылым