Қосымша отынның Ванюков пешіндегі қорыту процесіне әсері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i5.10Ключевые слова:
мыс сульфидті концентраттар, Ванюков пеші, автогенді балқыту, қатты отын, көмір, көмір тозаңы, қож, штейн.Аннотация
Балқаш мыс қорыту зауытындағы (БМҚЗ) қайта өңделетін шикізат құрамының өзгеруіне байланысты Ванюков пешінде (ВП) мыс сульфидті концентраттарды балқыту технологиясын түзету талап етіледі. Қажетті автогенділікті және балқыту температурасын қамтамасыз ету үшін барботаж аймағында жанатын, балқыту температурасын арттыратын және қож тотықтарын ішінара қалпына келтіретін қосымша көміртегі бар отынды пайдаланудың болашағы бар. Алайда, барботаж аймағында оттегімен үрлеуден қатты отынның бір бөлігі жанбайды және қож тотықтарымен қалпына келтіру реакцияларына қатыспайды, бұл оның қож балқымасының беткі қабатына жиналып қалуына алып келеді. Қож балқымасының қажетті температурасын ұстап тұру және қож бен штейннің қанағаттанарлық бөлінуі үшін ВП пешіне үрлеуіштер арқылы көмір тозаңын беру бойынша БМҚЗ-да бұрын жүргізілген өнеркәсіптік сынақтардың нәтижелері қаралды. ПВ пешіне үрлеуіштер арқылы көмір тозаңын жіберудің сынақтан өткізілген жүйесінің тұрақсыз жұмыс істеуінің себептері анықталды және оны жетілдіру бойынша жұмыс бағыттары белгіленді. ВП пешінің тыныш аймағында көмір тозаңының әрекетін модельдейтін зертханалық тәжірибелер жүргізілді. Көмір тозаңының таралу заңдылықтары анықталды және көмір тозаңының қож балқымасының бетіне жиналатынын көрсетті. Осылайша, барботаж аймағында оттегімен үрлеу немесе қож балқымасының тотықтарымен әрекеттеспеген көмір тозаңы қож балқымасының бетіне шығады, тұтқыр қабықтың қалыптасуына ықпал етеді, әрі қарай қож балқымасымен өзара әрекеттеспейді және іс жүзінде пайдасыз болады.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2021 VESTNIK KAZNRTU
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>