Термодинамикалық модельдеу әдісі тұрғысынан хром шекемтастарды күйдіру үрдісі кезінде фаза түзілуді зерттеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i1.05Ключевые слова:
хром шекемтасы, алюмосиликатты материалдар, термодинамикалық түрлендіру, физико-химиялық үрдіс, температура, күйдіруАннотация
Хром шикізаттарын кесектеу өндірісінің сапасын оңтайландыру жолдарының бірі және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту үшін жеңіл балқитын силикатты қосылыс түзе алатын қождамаларды қосу болып табылады. Осы компоненттердің таңдалу себебі, феррохром қорытпасын балқыту үрдісі кезінде қож режимін реттеу кезінде қолданылады. Мақалада жоғары температура облысында хром шекемтасының бос жынысы және әртүрлі құрамдағы жеңіл балқитын алюмосиликатты қождамаларды қолдану кезіндегі термодинамикалық түрлендірудің нәтижесі келтірілген. «ТЕРРА» кешенді бағдарламасын қолдану арқылы хром шекемтастарын күйдіру кезіндегі фазалар түзілудің термодинамикалық модельдеуі жасалды. Есеп CaO-MgO-Fe2O3-Al2O3-SiO2 көп компонентті жүйе негізінде, 800-1800°С температура аралығында және қысымы 0.1 МПа болатын мәндермен жүргізілді. Термодинамикалық түрлендіруге шикіқұрам материал ретінде хром кенінің бос жынысы мен әр түрлі құрамды алюмосиликатты қождамалар қолданылды. Қождаманың келісідей оңтайлы құрамында SiO2 50-55%; Al2O3 14-16%; CaO 12-14%; MgO 5-8%; FeO 5-8% хром шекемтастарының жентектеу үрдісін салыстырмалы төмен температурада (1200-1300°С) жүргізуге болады. Нәтижесінде төмен температураға ие фазалар құрамы (CaAl2Si2O8, CaMg(Si2O6), MgSiO3) анықталды, бұл хром шекемтастар өндірісінің технико-экономикалық көрсеткіштерін (күйдіруге жұмсалатын энергия шығыны төмендейді және шекемтастардың беріктігі артады) жақсартуға мүмкіндік береді.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2022 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>