Нұр-Сұлтан қаласының азық-түлік белдеуі аумағының көліктік-географиялық жағдайы

Авторы

  • Г.Ш. Оспанова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • A.A. Саипов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Р.Д. Нурымова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i6.06

Ключевые слова:

азық-түлік белдеуі, ауыл шаруашылығы, экономикалық-географиялық жағдай, көліктік-географиялық жағдай, көлік желілері.

Аннотация

Көліктік-географиялық жағдай өңірдің көлік желілеріне, көлік тораптары мен ағындарына қатысты жағдайын анықтайды. Ол өндіріс элементтеріне қатысты орнына қарай бөлінетін, экономикалық-географиялық жағдайдың негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Мақалада Қазақстанның дәнді-дақылдар өсіретін және тауарлық астық өндіретін басты өңірлерінің бірі және астананың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету жағынан маңызды буын болып табылатын Ақмола облысының көліктік-географиялық жағдайы талданған. Зерттеліп отырған аумақтың экономикалық-географиялық жағдайының тиімділігі, оның астана маңы мәртебесінің болуы, маңызды темір жол және автомобиль жолдарының қиылысында орналасуы өңірге жоғары көліктік әлеуетті қамтамасыз етеді. Облыста республика бойынша темір жол бағыттарының ең жоғары тығыздығы тіркелген. Сонымен қатар,  өңір үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және оларды өңдеу, сақтау және тұтыну орындарына жеткізу, өндіріс тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешендегі жүктер мен жолаушыларды тасымалдауда маңызды болып табылатын, автомобиль жолдары желісімен қамтамасыз етілу деңгейі талданды. Автомобиль жолдарын сипаттайтын көрсеткіштер де, өңірдің автомобиль жолдары желісімен қамтамасыз етілу деңгейі орташа республикалық деңгейден жоғары деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Загрузки

Опубликован

2021-12-30

Как цитировать

Оспанова, Г. ., Саипов A. ., & Нурымова, Р. . (2021). Нұр-Сұлтан қаласының азық-түлік белдеуі аумағының көліктік-географиялық жағдайы. Engineering Journal of Satbayev University, 143(6), 44–52. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i6.06

Выпуск

Раздел

Жер туралы ғылым