AlCl3·6H2O кристалдану процесінің маттық ерітіндісінен түсті металдар мен ЖСЭ бөлу әдісі
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2023.i1.01Ключевые слова:
көмір, күл шлактары, кристалдану, маттық ерітінді, ректификация, аммоний гидроксиді, кек, түсті металдар, бөлініп таралуы, қайта өңдеуАннотация
Жұмыста әлемде және Қазақстанда көмір кен орнының шикізат базасына талдау жүргізілді. Көмір өнеркәсібінің дамуына байланысты күл шлактары мөлшерінің артуына алып келді, бұл өз кезегінде оларды сақтау үшін үлкен аумақтарды және олардың қоршаған ортаға теріс әсері артып келе жатқаны көрсетілген. Жұмыста маттық ерітіндіні аммоний гидроксидімен ректификациялау процесі кезінде түсті металдар мен ЖСЭ тұнбаға (кек) бөліну механизмі және кальций хлориді негізінде айналмалы ерітіндісін алынуы сипатталған. Еркін Гиббс энергиясының термодинамикалық есептеулерінің нәтижелері 293-323 К (20-50ºС) температуралық интервалында маттық ерітіндіден түсті металдарды тұнбаға бөліп алу мүмкіндігі көрсетілген. NH4OH-мен ректификациялау жолымен алюминий хлориді гексагидратының кристалдануынан кейін алынған маттық ерітіндіден түсті металдарды (ТМ) және ЖСЭ мақсатты тауарлы өнімге (кек) бөліну заңдылықтары бойынша термодинамикалық есептеулер нәтижелері тәжірибелік зерттеулермен толық расталған. Маттық ерітіндісін ректификациялау процесінде құрамында ТМ және ЖСЭ бар 989.9 мл мөлшерінде кальций хлоридінің ерітіндісі және 11.91 г кек (тұнба) алынды. Алынған ерітінді айналмалы болып табылады және күлді хлорлап күйдіру кезінде қолданылады. Кекке ТМ және ЖСЭ жоғары (99%-дан астам) бөліп алынуы орнатылды. Фазалық құрамы бойынша кек ТМ мен кальций гидрооксидтерінен тұрады, 50%-ға дейін басым бөлігі, құрамында Zn(OH)2 бар. Кек көп қиындықсыз ТМ және ЖСЭ максималды бөліп алатын, белгілі металлургиялық тәсілдермен өңделуі мүмкін. Маттық ерітіндісін ректификациялау процесі Қазақстанның ЖЭС алынатын күл-шлак қалдықтарын инновациялық кешенді қайта өңдеу технологиясының қорытынды сатысы болып табылады. Жұмыста күлді кешенді өңдеу технологиясының технологиялық схемасы және оңтайлы технологиялық параметрлері көрсетілген. Технология құны қосылған жоғары тауарлық өнімдерді ала отырып, оларды толық кәдеге жарату жолымен энергетика саласын дамытуды ынталандыруға және шикізаттың қосымша көзі ретінде күл шлактарын өңдеуге тарту есебінен көмір жағумен жұмыс істейтін ЖЭО тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2023 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>