Алюмосиликомарганец кешенді қорытпасын балқытуға арналған шикіқұрам материалдарының электрофизикалық қасиеттерін зерттеу

Авторы

  • Е.Н. Махамбетов Ж. Әбішев атындағы химия-металлургиялық инситуты
  • А.М. Әбдірашит Қарағанды индустриялық университеті
  • Е.Қ. Қуатбай Қарағанды индустриялық университеті
  • О. Yucel Ыстамбұл техникалық университеті
  • Е.Б. Тажиев Satbayev University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i2.03

Ключевые слова:

тотықсыздандырғыш, жоғары күлді көмір, меншікті электр кедергісі, алюмосиликомарганец, ферроқорытпа

Аннотация

Бұл мақалада болат және арнайы қорытпалар өндірісінде қажетті жаңа кешенді ферроқорытпа алюмосиликомарганец оттексіздендіргіш ретінде қолдану тиімділігі келтірілді. Алюмосиликомарганец қорытпасын марганец кені мен жоғары күлді көмір арқылы балқытылады. Балқыманың өзіндік құнының арзандығымен қатар алюминий, кремний және марганецтің төмен көміртегі тотығын да, болатты металл емес қоспалардан терең тазартуды қамтамасыз етеді. Алюмосиликомарганец балқытуға арналған шикіқұрам материалдардың меншікті электр кедергісін зерттеуге арналған. Алюмосиликомарганецті балқытуға арналған шикіқұрам материалдардың меншікті электр кедергісін зерттеу мәселелері қаралды, атап айтқанда, жоғары күлді көмірлер. Өлшеулер тамман зертханалық агрегатында түрлендіргіштер арқылы қосылған арнайы жинақталған тәжірибелік қондырғыда жүргізілді. Көмірдің электр өткізгіштігінің өзгеруі бойынша зерттеулер қызу жылдамдығы 15 град/минутта 25-1500°С температура аралығында жүргізілді. Температураға байланысты шикіқұрам материалдардың меншікті электр кедергісі пайда болуының негізгі заңдылықтары анықталды. Ұсынылған өлшеу әдісі бойынша шикіқұрам материалдарының физика-химиялық қасиеттері туралы терең ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жоғары күлді «Сарыадыр» көмірі жоғары температурада тұрақты меншікті электр кедергісіне ие бола отырып, балқу кезінде оңтайлы режимге қол жеткізуге болады

Загрузки

Опубликован

2022-04-28

Как цитировать

Махамбетов, Е. ., Әбдірашит, А. ., Қуатбай, Е., Yucel О., & Тажиев, Е. . (2022). Алюмосиликомарганец кешенді қорытпасын балқытуға арналған шикіқұрам материалдарының электрофизикалық қасиеттерін зерттеу. Engineering Journal of Satbayev University, 144(2), 15–21. https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i2.03

Выпуск

Раздел

Металлургия