Өтпелі металдарға негізделген мембраналардың сутегі кеңеюін зерттеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i1.04Ключевые слова:
мембрана, ниобий, сутегі өткізгіштігі, Сивертс заңы, дилатация, термиялық кеңею коэффициенті, фазалық ауысуларАннотация
Ниобий сутекті жақсы жұтады, ол металдағы құрылымдық және фазалық өзгерістермен бірге жүреді. Ниобийдегі «сутегінің морттану» құбылысын зерттеу мақсатында таза ниобий үлгілерінің және палладиймен қапталған ниобий фольгасының газ тәрізді ортада әртүрлі қысымдағы дилатациясы зерттелген. Сутегінің дилатациясының өлшеуі Shimadzu AG 100kNx электромеханикалық сынақ машинасы негізінде жасалған қондырғыда жүргізілді. Ниобий мембраналарының деформациясын зерттеу бойынша тәжірибелер екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде таза ниобий үлгілері зерттелді, екінші кезеңде екі жағынан палладацияланған ниобий үлгілері зерттелді. Ниобий бетіндегі оксидті қабық үлгінің көлеміне сутегі атомдарының диффузия жылдамдығын айтарлықтай төмендетеді, бұл сутегі атмосферасында ниобийде баяу дилатациясына әкеледі. Ниобий бетіндегі каталитикалық палладий қабықшасы сутегі атомдарының ағынының жылдамдығын арттыруды қамтамасыз етеді. Сутегінің ниобий торында тетраэдрлік орындарды алуы тиімді. Деформация жылдамдығын зерттеу және фазалық ауысу нүктелерін анықтау үшін ниобий мен тантал үшін изобарлар графигі салынды. Изобарлық талдау негізінде Nb және Ta сызықтық термиялық кеңею коэффициенті есептелді. Зат құрылымының симметриясының өзгеруімен жүретін жоғары температура аймағында негізгі металдың кристалдық торының өзгерісі болуы табылды.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2022 Engineering Journal of Satbayev University
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>