Шунгит жыныстарының элементтік құрамына механохимиялық активтендірудің әсерін зерттеу

Авторы

  • М.М. Байгулбаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Е.К. Онгарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А.Б. Жамболова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Қ. Жұмахан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.29

Ключевые слова:

шунгит, элементтік құрам, механохимиялық активтендіру, көміртек, кремний, ұнтақтау, сорбция, дисперстілік, оттегі, алюминий, темір.

Аннотация

Жұмыста Көксу кен орнының шунгит жыныстарының элементтік құрамына механохимиялық активтендірудің әсері зерттелді. Сорбенттерде наноқұрылымды шунгит ұнтағын пайдалану олардың сорбциялық қасиеттерінің жақсаруына әкелуі мүмкін. Механохимиялық активтендіру нәтижесінде карбонат және тақтатас текті шунгит жыныстарының үлгілерінде көміртектің массалық үлесі азайып, кремнийдің массалық үлесі көбейеді. Жыныстардың құрамында оттегі, алюминий мен темірдің мөлшері де көбейеді, бұл шунгиттің сорбциялық қасиеттерінің жақсаруына жағдай жасайды. Шарлардың айналу жылдамдығының азаюы элементтер мөлшерінің шамалы өзгеруіне әкеледі, көміртегі, оттегі және натрий мөлшерінің азаюы байқалады, ал кремний, алюминий, темір және калий мөлшері жоғарылайды. Ұнтақтау жылдамдығы 400 айн/мин болған кезде үлгінің массасы мен шарлардың массасының арақатынасының 1:1-ден 1:3-ке дейін жоғарылауы элементтердің мөлшерінің айтарлықтай өзгеруіне әкелмеді.

Загрузки

Опубликован

2021-04-30

Как цитировать

Байгулбаева, М. . ., Онгарбаев, Е. . . . ., Жамболова, А. . ., & Жұмахан, Қ. . (2021). Шунгит жыныстарының элементтік құрамына механохимиялық активтендірудің әсерін зерттеу. Engineering Journal of Satbayev University, 143(2), 224–228. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.29

Выпуск

Раздел

Техникалық ғылымдар