Натрий ферритінің синтезі және оны өндіруге арналған шихтаның дифференциалды термиялық талдауы

Авторы

  • Е.И. Көлдеев Satbayev University
  • С.С. Темирова Satbayev University
  • М.Н. Квятковская Satbayev University
  • И.Г. Бусыгин Губкин инженерлік-техникалық орталығы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i1.01

Ключевые слова:

ағынды сулар, күкіртті сутекті жою, темір құмдары, натрий ферриті, рентгендік фазалық талдау, дифференциалды термиялық талдау.

Аннотация

Мақалада ағынды сулардағы еріген күкіртсутекті бейтараптандыруға арналған, құрамында темір бар реагенттерді алу әдістері мен қасиеттерін зерттеуге байланысты  ғылыми еңбектерге жүргізілген шолу берілген. Күкіртсутекті кетіруге арналған перспективті реагенттердің бірі ретінде натрий ферриті болуы мүмкін деген қорытынды жасалады. Күкіртсіздендіру процесінің тиімділігі натрий ферритінің гидролизі кезінде түзілетін Fe(OH)3 белсенділігіне байланысты болады. Темір тотығының содамен термиялық өзара әрекеттесуі кезіндегі, сондай-ақ темір құмдарын (сазбалшық өндірісінің қалдықтары) содамен біріктіру кезіндегі натрий ферритінің синтезі сипатталған. Алынған өнімдердің рентгендік фазалық талдауының нәтижелері 900°C температурада және 1 сағат ұстау кезінде натрий ферритінің монофазасы қалыптасатынын, реактивті темір оксидін темір құмымен алмастырған кезде процестің оңтайлы параметрлері – 1000°C температурада және 1 сағат ұстау барысында -  феррит пен натрий алюминатының изоморфты қоспасы болып табылатын Na(Fe0,75Al0,25)O2 қосылысы түзілетінін көрсетті. Дифференциалды-термиялық талдауды қолдана отырып, темір құмы мен содадан тұратын шикіқұрамның фазалық түрленулері зерттеліп, Na(Fe0,75Al0,25)O2 қосылысының түзілетіні анықталды. Натрий ферритін пайдалану арқылы ағынды суларды күкіртсутектен тазарту бойынша тестілік сынақтар үшін құрамында темір бар кешенді  коагулянт алынды.

Загрузки

Опубликован

2022-02-28

Как цитировать

Кульдеев, Е. ., Темирова, С. ., Квятковская, М. ., & Бусыгин, И. . (2022). Натрий ферритінің синтезі және оны өндіруге арналған шихтаның дифференциалды термиялық талдауы. Engineering Journal of Satbayev University, 144(1), 5–10. https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i1.01

Выпуск

Раздел

Металлургия