Т-симметриялы локальды емес комплексті модификацияланған Кортевега-де Фриз теңдеулер жүйесі үшін Дарбу түрлендіруі

Авторы

  • А.М. Сыздыкова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Г.Н. Шайхова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Б.Б. Кутум Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.08

Ключевые слова:

нақты шешім, Дарбу түрлендіруі, кмКдФ жүйесі, Т-симметрия, локальды емес, Абловиц-Муслимани

Аннотация

Сызықтық емес дербес дифференциалдық теңдеулер қатты денелер физикасы, сұйықтық механикасы, плазма физикасы, химиялық физика, конденсирленген күй физикасы, оптикалық талшықтар, биология және геохимия сияқты физикалық құбылыстарды сипаттайтын модельдер ретінде кеңінен қолданылады. Сызықты емес дербес дифференциалдық теңдеулердің бірі комплексті түрлендірілген Кортевега-де Фриз теңдеуі болып табылады. Бұл теңдеу плазмалық толқындардың сызықтық емес эволюциясының моделі ретінде ұсынылды, ол көлденең толқындардың молекулалық тізбек моделінде және жалпыланған серпімді қатты денеде таралуын қамтитын физикалық модель болып табылады. Бұл жұмыста Т-симметриялы локальды емес комплексті модификацияланған Кортевега-де Фриз теңдеулер жүйесі қарастырылды. Бұл локальды емес жүйе Абловиц-Муслимани редукциясы  типі ретінде алынды және ол сәйкесінше кмКдФ теңдеулерінің Т-симметриялы локальды емес жүйесі болып табылады. Абловиц-Муслимани типінің редукциясы АКНС шашырау есебінің қарапайым симметриялы редукцияларынан туындайды. Нақты шешім алу үшін Дарбу түрлендіру әдісі қолданылды.

Биографии авторов

Г.Н. Шайхова , Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

 

 

Б.Б. Кутум , Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

 

Загрузки

Опубликован

2021-04-30

Как цитировать

Сыздыкова, А. ., Шайхова , Г. ., & Кутум, Б. . . . . . (2021). Т-симметриялы локальды емес комплексті модификацияланған Кортевега-де Фриз теңдеулер жүйесі үшін Дарбу түрлендіруі . Engineering Journal of Satbayev University, 143(2), 58–65. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.08

Выпуск

Раздел

Физика-математикалық ғылымдар