Интегралдық есептеудің екі тармағы

Авторы

  • А.К. Искакова Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
  • М.Ж. Байсалова Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.11

Ключевые слова:

квадратура туралы есеп, кубатура туралы есеп, ауданды есептеу, дифференциалдық есептеу, интегралдық есептеу, алғашқы функция.

Аннотация

Мақалада математиктер мен инженерлер қызығушылық тудыратын интегралды есептеудің негізгі екі мәселесі келтірілген. Интегралдық есептеулердің пайда болуы туралы мәселе аудандарды есептеу есебі мен алғашқы функцияларды есептеу есебінің мысалын қолдана отырып қарастырылады. Бұл есептер интегралдық есептеудің екі саласына әкелді: анықталған интегралдар теориясы және анықталмаған интегралдар теориясы. Интегралдық есептеу математикалық талдаудың ең күрделі тақырыптарының бірі болып табылады, өйткені интегралдарды есептеу процесі тұтастай алғанда жүйелеуге берілмейді, сонымен бірге қолданбалы есептерді шешудің қуатты құралы болып табылады. Мақаланың өзектілігі, ең алдымен, математикалық талдау элементтерінің негізгі ұғымдарының мазмұнды ашылуында, басқа пәндерді тиісті математикалық қамтамасыз ету қажеттілігінде, өйткені интегралдың практикалық мазмұны негізінен физика мен техникада, сондай-ақ геометриялық денелердің көлемін табу кезінде және әртүрлі фигуралардың аудандарын есептеу кезінде қолданылады. Мақала техникалық мамандықтарда жоғары математиканы оқуға деген ынтаны арттыру тұрғысынан қызықты. Сонымен қатар, интегралдық есептеулердің практиканың қажеттіліктерімен байланысын білу теорияны терең игеру, нақты математикалық ойлауды дамыту, математикалық пәндерге қызығушылықты ояту үшін қажет.

Загрузки

Опубликован

2021-04-30

Как цитировать

Искакова, А. . . . . ., & Байсалова, М. . (2021). Интегралдық есептеудің екі тармағы. Engineering Journal of Satbayev University, 143(2), 85–91. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i2.11

Выпуск

Раздел

Физика-математикалық ғылымдар