Компьютерлік сурдоаударма жүйесі үшін анимацияланған кейіпкерді жасау

Авторы

  • С.А. Кудубаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • М.Г. Гриф Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті
  • Б.Т. Жусупова А.Байтурсынов атындағы Қостанай өнірлік университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.v143.i1.25

Ключевые слова:

компьютерлік аударма, қазақ ымдау тілі, нотация, анимацияланған кейіпкер.

Аннотация

Соңғы жылдары бүкіл әлемде мүмкіндігі шектеулі адамдарға үлкен көңіл бөлінеді. Кедергісіз орта құру және оларды оқыту мен коммуникация үшін қажетті жағдайлар жасау – кез келген заманауи мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені әрбір адамның сыртқы әлеммен байланыс үшін тең мүмкіндіктері болуы тиіс. Біздің мемлекетте есту қабілеті шектеулі адамдар үшін қазақ тілінен ымдау тіліне автоматты сурдоаударма жүйесін құру үлкен маңызға ие. Бұл мақала қимылдарды көрсету үшін анимацияланған кейіпкерді (аватарды) пайдалану перспективасын, анимацияланған кейіпкерді жасау ерекшеліктерін және оны басқару үшін ымдау тілінің нотациясын қолдануды көрсетеді. Аватар бұрын жасаған қазақ ымдау тілінің нотациялары сөздігінің негізінде қазақ мәтінін ымдау тіліне аудару нәтижелерін көрсетуге бағытталған. Автоматты сурдоаударма жүйесін әзірлеу кезінде аударылатын мәтіннің мағынасы ашылады,ол қазақ ымдау тілінің грамматикасына аударылады. Содан кейін құрастырылған сөздік сөздікте сөздерді іздеу, оларды нотация түрінде көрсету және Аватар арқылы көрсету үшін пайдаланылады. Аватар моделін жасау үшін MakeHuman, Photoshop, Blender сияқты бағдарламалық құралдар кезең-кезеңмен қолданылады. Қимыл анимациясын баптау қазіргі заманғы Unity3D кроссплатфорлы графикалық пакетінде қазақ ымдау тілінің қимыл нотациялары сөздігінің негізінде жасалған "клиптер" кітапханалары арқылы орындалады.

Загрузки

Опубликован

2021-02-28

Как цитировать

Кудубаева, С. ., Гриф, М. ., & Жусупова, Б. . (2021). Компьютерлік сурдоаударма жүйесі үшін анимацияланған кейіпкерді жасау. Engineering Journal of Satbayev University, 143(1), 196–204. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.v143.i1.25

Выпуск

Раздел

Техникалық ғылымдар