Қазіргі математикадағы дифференциалдық теңдеулер теориясының рөлі және оның қосымшасы

Авторы

  • А.Х. Ануарбекова А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Р.С. Ысмагул А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i5.07

Ключевые слова:

дифференциалдық теңдеу, математикалық модель, қосымша, қарапайым дифференциалдық теңдеу, дербес туындылы дифференциалдық теңдеу.

Аннотация

Мақалада қазіргі математикадағы дифференциалдық теңдеулер теориясының рөлі және оның қосымшасы туралы айтылған. Оның қазіргі заманғы математика ғылымындағы орнын сипаттау үшін, ең алдымен, математиканың екі кең саласы: қарапайым дифференциалдық теңдеулер теориясы және дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер теориясынан тұратын дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ерекшеліктерін атап көрсеткен. Бұл теорияның бірінші ерекшелігі оның қосымшалармен тығыз байланысы. Дифференциалдық теңдеулер теориясы бірінші кезекте математика жаратылыстану ғылымының ажырамас бөлігі ретінде табиғат ғылымдарының мазмұнын құрайтын сандық және сапалық заңдылықтарды тұжырымдау мен түсінуге негізделгені айтылған. Сонымен қатар, мақалада дифференциалдық теңдеулер теориясының екінші ерекшелігі оның математиканың функционалдық талдау, алгебра және ықтималдылық теориясы сияқты басқа салаларымен байланысына тоқталған. Қарастырылып отырған мақаланың мақсаты - дифференциалдық теңдеулер теориясының заманауи мәселелерін анықтауға және  сәйкес есептер жүйесін құруға бағытталған.

Загрузки

Опубликован

2021-10-30

Как цитировать

Ануарбекова, А. . ., & Ысмагул, Р. (2021). Қазіргі математикадағы дифференциалдық теңдеулер теориясының рөлі және оның қосымшасы. Engineering Journal of Satbayev University, 143(5), 51–56. https://doi.org/10.51301/vest.su.2021.i5.07

Выпуск

Раздел

Физика-математикалық ғылымдар