Тауарлық өнімдерді ала отырып, күйіндіні қайта өңдеу бойынша технологиялық тәжірибелер

Авторы

  • Е.Е. Жолдасбай Satbayev University
  • Г.М. Койшина Satbayev University
  • Е.Б. Тажиев Satbayev University
  • Н.К. Досмұхамедов Satbayev University
  • Ю.Б. Ичева Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i1.02

Ключевые слова:

күйінді, металдық фракция, тотыққан фракция, балқыту, күйдіру, мырыш, мырыш тотығы, коспалар, баланстық тәжірибелер

Аннотация

Ыстықтай мырыштау өнімдерін өндірудің өсуі күйіндінің шығуының артуымен ғана емес, сонымен қатар қайта өңдеудің ұтымды технологиясының болмауына байланысты оның жинақталуымен жүреді. Бұл жұмыста күйіндіні алдын ала бөлуден алынған металл және тотыққан фракцияны қайта өңдеудің баланстық тәжірибелерінің нәтижелері келтірілген. Жұмыста CaCl2 және NH4Cl сияқты хлорлаушы реагенттер шығынының әсері зерттелген. Алынған нәтижелер бұрын зертханалық зерттеулер жағдайында алынған нәтижелерді толық растады. Бастапқы сынаманың салмағынан 2% NH4Cl қосып, күйіндінің металдық фракциясын 60 минут ішінде Т = 450°С кезінде балқытқанда құрамында металл-қоспалар жоқ таза мырыш құймасын алуға қол жеткізуді қамтамасыз ететіні көрсетілген. Бастапқы сынаманың салмағынан 6% CaCl2 қоса отырып, күйіндінің тотыққан бөлігін күйдіру жағдайында қорғасынды күйіндіден максималды 0.35-тен 0.002%-ға дейін ұшыруға қол жеткізілді. Бұл жағдайда күйіндідегі темірдің мөлшерін азайтуға қол жеткізу мүмкін емес. Оның күйіндідегі соңғы мөлшері 0.25% құрайды. NH4Cl-мен бірге күйіндінің тотыққан бөлігін күйдіру жағдайында оның оңтайлы шығыны бастапқы сынама салмағының 15%-ына тең кезінде жоғары сапалы мырыш тотығы алынды, ол жануарлар мен құстарға арналған жемге минералды қоспа ретінде пайдалануға жарамды. Т = 1000°С және жүру ұзақтығы 60 минут күйдіру жағдайында металл-қоспаларды шаңға ұшыру кезінде бөліп алу құрады: Cu, Ni, Fe - 75%; Pb, Cd - 98%.

Загрузки

Опубликован

2022-02-28

Как цитировать

Жолдасбай, Е. ., Койшина, Г. ., Тажиев, Е. ., Досмухамедов, Н., & Ичева, Ю. . (2022). Тауарлық өнімдерді ала отырып, күйіндіні қайта өңдеу бойынша технологиялық тәжірибелер. Engineering Journal of Satbayev University, 144(1), 11–16. https://doi.org/10.51301/ejsu.2022.i1.02

Выпуск

Раздел

Металлургия